30.12.2021, 15:22

Павлодар облысында мешіттен ақша ұрлаған күдікті ұсталды

фото: ашық дереккөз

Күдікті қамауға алынды.

Ауыл тұрғыны мешіттегі садақа жәшігінен ақша ұрлап кеткен деп хабарлайды Paryz.kz.

Polisia.kz сайтының хабарлауынша, Шарбақты аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне мешіттен ақша ұрланғаны туралы арыз түскен. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 187-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді. Оқиға орнын пысықтау барысында сот-медициналық сарапшы қолдың папиллярлы сызығын, адамның саусақтарының іздерін тапты, - деді полиция.

Іздер 47 жастағы ауыл тұрғынына тиесілі екені белгілі болды. Күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.