Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Алматыда карантин талаптарын сақтамаған 45 нысанның қызметі тоқтатылды

Айта кетейік, індет басталғалы бері Алматыда коронавирусты жұқтырудың 183,2 мың фактісі тіркелген. 

Алматыда карантин талаптарын сақтамаған 45 нысанның қызметі тоқтатылды
фото: дерекөз

Алматыда карантин талаптарын сақтамағандарды жауапқа тарту шаралары жалғасып жатыр. Жазаға тартылған заңды тұлғалардың саны 793-ке жеткен деп хабарлайды Paryz.kz

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы міндетін атқарушысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов биыл қалада 50 849 нысан тексеріліп, оның 4724-інде карантиндік шектеулердің сақталмағаны анықталғанын жеткізді.

Карантиндік шектеу критерийлерін бұзғаны үшін 793 заңды тұлғаға жалпы сомасы 277 млн теңге, маска режимін бұзғаны үшін 6 234 тұрғынға 274,2 млн теңге айыппұл салынды. Соттар карантиндік шараларды қасақана бұзған 45 нысанның қызметін тоқтатты. Қоғамдық көлікті тексеру барысында маска режимін бұзған 849 тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Темір жол вокзалдарында 17 адамға және әуежайда 19 адамға айыппұл салынды, – деді ол.

Айта кетейік, індет басталғалы бері Алматыда коронавирусты жұқтырудың 183,2 мың фактісі тіркелген. Оның 164 мыңы биылғы жылдың еншісінде.