Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Ақтөбе облысының экс-әкімі Ермек Имантаевқа қатысты тергеу басталды – БАҚ

Білім министрінің кеңесшісі, "Хабар агенттігі" АҚ басқарушы директоры болып жұмыс істеді.

Ақтөбе облысының экс-әкімі Ермек Имантаевқа қатысты тергеу басталды – БАҚ
фото: ашық дереккөз

Ақтөбе облысының экс-әкімі Ермек Имантаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұрынғы әкім "ақша қаражатын жымқырды" бабы бойынша күдікке ілінді деп хабарлайды Paryz.kz, Orda.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі Ермек Имантаевтың "Ақтөбе "ӘКК" өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыруға және пайдалануға бөлінген қаражатты жымқырды деген күдігі туралы ақпарат тарала бастаған болатын.

Ақтөбе облысының бұрынғы әкімі Ермек Жетпісбайұлы Имантаевке қатысты ҚР ҚК 189-бабы бойынша «Ақтөбе ӘКК» өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыруға және пайдалануға бөлінген ақша қаражатын жымқырды деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - делінген хабарламада.

Orda.kz осы ақпараттың растығын тексеру үшін агенттіке жүгінді.

Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінен "Ақтөбе" ӘКК" АҚ басшылығына және басқа да тұлғаларға қатысты қылмыстық іс өндіріске қабылданғанын хабарлаймыз", - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаментінде.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басшылығына қатысты қылмыстық істі тергеуде.

Сонымен қатар ведомство бұл істе күдікті Имантаев екенін нақтылаған жоқ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сілтеме жасай отырып, басқа ақпаратты хабарламады. Оған сәйкес алдын ала тергеу деректері жариялауға жатпайды және ақпаратты бөлісуден бас тартты.

2019-2021 жылдар аралығында Имантаев "Ақтөбе" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған болатын. 2021 жылы 12 наурыз күні облыстың экс-әкімі Имантаевты "Ақтөбе" ӘКК басшысы қызметінен босатты.

Қазақ экономикалық университетін, Ресей Халық Шаруашылығы Академиясын бітірген. Білім министрінің кеңесшісі, "Хабар агенттігі" АҚ басқарушы директоры болып жұмыс істеді.

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар – бұл тауарлар мен қызметтерді өндіру және сату арқылы пайда табу мақсатында өз қызметін жүзеге асыратын экономикалық тұрақты бизнес-құрылымдар. Бұл ретте алынған пайданың бір бөлігі ӘКК мүддесі үшін құрылған өңір халқының әлеуметтік, экономикалық немесе мәдени мақсаттарын іске асыру үшін қайта инвестицияланады.