Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Павлодар тұрғыны дәмханада бірге түскі ас ішкен қызды алып қашып кетті

Бойжеткен достарымен дәмханада түскі ас ішу үшін кездескенін айтты.

Павлодар тұрғыны дәмханада бірге түскі ас ішкен қызды алып қашып кетті
фото: ашық дереккөз

21 желтоқсанда Павлодар полициясына адам ұрланғаны туралы хабарлама келіп түскен. Арызданушы оқиғаның қалай болғанын айтып берді деп хабарлайды Paryz.kz

Бойжеткен достарымен дәмханада түскі ас ішу үшін кездескенін айтты. Біраз уақыттан кейін бірге тамақтанған жігіттердің бірі оның құрбысын жеке сөйлесуге шақырған.

Ол құрбымды жеке сөйлесуге шақырды. Құрбым келісті. Осыдан кейін олар қаланы аралауға кетіп, бір сағаттан кейін келуге уәде берді, - деп түсіндірді бойжеткен.

Бірақ кейінірек бір ер адам келіп, ол жігіт құрбысын алып қашып кеткенін айтқан. Сондай-ақ бір айға жуық уақытта той болатынын, осылайша, олар шараға дайындалатынын нақтылады.

Арызданушының айтуынша, мұны білген ол полицияға көмек сұрап хабарласуды ұйғарған.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды, - деп хабарлады Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметі.