Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Шымкентте 6 млрд теңгеге жоспарланған фарм-зауыттың құрылысы тоқтап қалды

Себебі, ресейлік инвестор жобаға қатысудан бас тартқан.

Шымкентте 6 млрд теңгеге жоспарланған фарм-зауыттың құрылысы тоқтап қалды
Фото: m.alashainasy.kz

Шымкентте 6 млрд теңгеге жуық қаржыға салынады деп жоспарлаған дәрі-дәрмек өндіретін зауыт жобасы тоқтап қалды. Бұл туралы LS агенттігіне қалалық әкімдіктен хабарлаған.

"Тассай" индустриалдық аймағында 5,9 млрд теңгеге фармацевтикалық зауыт салу туралы жоспар болған. Әу баста жоспар бойынша құрылыс жұмыстары 2019 жылдың желтоқсан айында аяқталуы тиіс еді. Ақпаратқа сәйкес, ақшаның болмауынан ол жобаның құрылысы тоқтап тұр.

"Бастапқыда бұл жоба ресейлік инвестормен бірлесіп жүзеге асырылды. Енді ол ары қарай жобаға қатысудан бас тартты. Қазір басқа инвестор іздеп жатырмыз", - деп түсіндірген әкімдіктегілер.

Олардың айтуынша, бүгінде жоба ғимаратының құрылысы 70%-ға аяқталған екен. Бұған дейін зауытта жылына 2 миллиард таблетка және 300 миллион капсула шығарылатыны айтылған болатын. Сондай-ақ, 50 адамды жұмыспен қамту жоспарланған.