Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"Нағыз тозақты көргіңіз келе ме?": БҚО-да мүгедектер ғимарат алдында кезекте тұр (ВИДЕО)

Орал тұрғыны таңертең халықты әлеуметтік қорғау бөліміне 50-ге жуық адам жиналғанын айтты.

"Нағыз тозақты көргіңіз келе ме?": БҚО-да мүгедектер ғимарат алдында кезекте тұр (ВИДЕО)
фото: дереккөз

Батыс Қазақстан облысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментіндегі кезек халықтың наразылығын тудырды. Фотосуреттер әлеуметтік желіде жарияланды. Мүгедектердің осындай жағдайда қайта тексеруден өтетіні белгілі болды деп хабарлайды Paryz.kz.

Орал тұрғыны Раул Упоров 23 желтоқсан күні таңертең халықты әлеуметтік қорғау бөліміне 50-ге жуық адам жиналғанын айтты.

Нағыз тозақты көргіңіз келе ме? Кеңестік тар дәлізде өте көп адам жиналған. Барлығы әртүрлі жастағы мүгедектер. Балалар мен жасөспірімдерден бастап қарттарға дейін. Қозғалу мүмкін емес. Дәлізде бірнеше арзан креслолар қойылған. Жағдай жасаған түрлері. Мүмкіндігі шектеулі адамдар тұрып кезек күтеді, еденге отырады, баспалдаққа шығып тұрады, терезеде отырады. Мына әйел лифт жанында жатыр! Осы «мүгедектерге деген құрметтің» бәрі таңнан түске дейін созылады, - деп жазды Рауль Упоров.