Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

"Қазақстан – әлі құлдық санадан құтылмаған ел" - депутат

Қазыбек Иса елде мемлекеттік тіл туралы заң қабылдау керектігін алға тартты.

"Қазақстан – әлі құлдық санадан құтылмаған ел" - депутат
фото: ашық дереккөз

Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанды "орыс тілді ел" деп атағанына Facebook-парақшасында пікір білдіріп, мемлекетік тіл туралы жаңа заң қабылдауға шақырды деп хабарлайды Paryz.kz

"Қазақстан қандай ел?! "Қазақстан – орыс тілінде сөйлейтін ел" деген сөз  – "Қазақстан – әлі құлдық санадан құтылмаған ел" – деген сөз?!" деп депутат сұрақ қоюда.

Сонымен қатар тек Қазақстанда тек орыс тілінде сөйлейтін адамдарды сынға алды.

Оқи отырыңыз: "Басшылығына ризамын": Путин Қазақстанды "орыстілді ел" деп атады (ВИДЕО)

Ресей президенті Путиннің шындығы бар  бұл сөзін біздің биліктегі мемлекеттік тілін білмей-ақ, Ресей тілінде сөйлейтіндер  "бізді мақтап жатыр" деп мәз болып, жуып жатқан болар…

Иә, құл ғана қожайын тілінде сөйлеуге құмар болады…" - делінген хабарламада.

Қазыбек Иса елде мемлекеттік тіл туралы заң қабылдау керектігін алға тартты.

Осы біз Тәуелсіздіктің 30 жылдығын тойлаған жоқпыз ба?!.

Бұл масқарадан құтылудың бір-ақ жолы бар – мемлекеттік тілді міндеттейтін мемлекеттік тіл туралы заң қабылдау керек! - делінген депутат жазбасында.