Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Семейде жоғары шенді полицей әріптесін зорлаған

Сондай-ақ бойжеткен қорлық көрген күні арыз жазуға тырысқан, бірақ полиция басшылығы оны ондай әрекетке бармауға көндірді деп болжайды.

Семейде жоғары шенді полицей әріптесін зорлаған
фото: ашық дереккөз

Семей қаласының Полиция басқармасында жұмыс істейтін 24 жастағы бойжеткенді шені жоғары әріптесі зорлаған. Оқиға 29 қараша күні Семей қаласының прокуратурасында тіркелді деп хабарлайды Paryz.kz.

29.11.2021 жылы Семей қалалық прокуратурасы зорлау фактісін тіркеді. 1997 жылы туған полиция сержанты ШҚО ПД Семей қаласының ПБ ақпараттандыру және байланыс бөлімінің технигі лауазымында қызмет етеді. Тұрмысқа шықпаған, - делінген хабарламада.

Жәбірленушінің айтуынша, оқиға автокөлікте болған.

25 қараша күні сағат 23:00-де оны полиция аға лейтенанты оны үйінің жанында, автокөлігінде зорлады. Ер адам ШҚО ПД Семей қаласының ПБ патрульдік полиция батальонының инспекторы қызметін атқарған, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ бойжеткен қорлық көрген күні арыз жазуға тырысқан, бірақ полиция басшылығы оны ондай әрекетке бармауға көндірді деп болжайды.

Сонымен қатар зорлау фактісін ШҚО Полиция департаменті растады. Онда аталған қызметкер жұмыстан босатылғанын және қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.