Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

"Мені ешкім зорлаған жоқ": Мұхамеджан Тазабек сәләфизм ағымына қалай келгенін айтты

Сондай-ақ айтыскер ақын өзінің дін жолында "қателескенін" мойындайды. Алайда бұл адасушылық емес деп ақталып қойды.

"Мені ешкім зорлаған жоқ": Мұхамеджан Тазабек сәләфизм ағымына қалай келгенін айтты
фото: minber.kz

Мұхамеджан Тазабек “Талқылайық” бағдарламасында өзінің қанша әйелі бары туралы айтты деп хабарлайды Paryz.kz.

Менің бір ғана әйелімнен алты балам бар. Бір ғана заңды әйелім бар. Екі-үш әйелі бар деген жалған әңгіме. Бар нәрсені жоқ деп жалтармаймын ғой. Тоқал алатын жоспарым да жоқ. Егер тағдырға жазылған болса, онда болады. Егер қуып жүрсең де, сол нәрсені аңсап жүрсең де, маңдайыңа жазылмаса, онда ол болмайды. Менің әртүрлі миссиям бар. Қоғам қайраткері ретінде, отбасындағы мақсатым бар. Отбасында жақсы әке болу, жақсы күйеу болу. Жақсы адамға тұрмысқа шыққан екенмін деп әйелің сүйсінетін жолдас болу. Сонымен қатар қоғамға пайдаңды тигізу, – деді қоғам қайраткері. 

Сондай-ақ айтыскер ақын өзінің дін жолында "қателескенін" мойындайды. Алайда бұл адасушылық емес деп ақталып қойды.

Мен адасқан жоқпын. Мен қателестім. Қателік барлық адамда өмірінің соңына дейін болады. Сауд Арабиясына да өз еркіммен танысу, білу мақсатында барған адаммын. Мені ешкім зорлаған жоқ. Тек дінге қатысты кейбір мазалаған сұрақтарға кей молдалар жауап бере алмады. Кейін сырттан оқып келгендер бәрін түсіндіріп берді. Сонда бәріне жауап тапқандай болдым. Мұсылмандар діни басқармасымен біргемін. Бір ұстанымдамыз, –деді Тазабеков.