Генерал Абисатовтың қандай қызметке тағайындалғаны жария болды

Айта кетсек, желіде "На любой стрелке обосную" деп аталатын ролик жарияланғаннан кейін Тоқаев 2019 жылдың шілдесінде Абисатовты ІІМ басшысының орынбасары қызметінен босатқан болатын.

Генерал Абисатовтың қандай қызметке тағайындалғаны жария болды
фото: дереккөз

Ішкі істер министрінің бұрынғы орынбасары, Ақтөбе облысы ішкі істер департаментінің экс-басшысы, генерал Махамбет Абисатовтың қандай қызметте жүргені белгілі болды деп хабарлайды Paryz.kz

"Ақтөбе Таймс" басылымы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, Абисатовтың жеке құрылымға қызметке орналасқанын хабарлайды. Атап айтқанда, бұрынғы жоғары шенді полицей қазір "Halyk Инкассация" ЖШС бас директоры болып жұмыс істеп жүр.

Айта кетсек, желіде "На любой стрелке обосную" деп аталатын ролик жарияланғаннан кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың шілдесінде Абисатовты ІІМ басшысының орынбасары қызметінен босатқан болатын. Жазба Ақтөбе облыстық Полиция департаментінде жиналыс болып, желідегі аудио талқыланды. Титрде жиынға қатысушылардың бірінің дауысы Махамбет Абисатовқа тиесілі екені көрсетілген. Ер адам қызметкерлерге қарата былапыт сөздер айтқан. Осы даудан соң Абисатов көптен кешірім сұрап, қызметінен кетуге мәжбүр болды.