Қызылордада мыңнан аса киікті өлтірген қылмыстық топ ұсталды

Жалпы салмағы 500 килограмм болатын 2347 киік мүйізі тәркіленді.

Қызылордада мыңнан аса киікті өлтірген қылмыстық топ ұсталды
фото: дереккөз

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті облыстық прокуратурамен бірлесіп, киік мүйіздерін заңсыз иемдену және өткізумен айналысқан қылмыстық топтың жолын кесті деп хабарлайды Paryz.kz.

Киік мүйіздерінің ірі партиясын сату әрекеті кезінде қылмыстық схеманы ұйымдастырған екі тұрғын ұсталды. Жалпы салмағы 500 килограмм болатын 2347 киік мүйізі тәркіленді.

Қызылорда облысында браконьерлер ұсталды

Қызылорда облысында браконьерлер ұсталды.

Мүйіз үшін браконьерлер 1174 киікті өлтірген. Қылмыстық әрекеттен мемлекетке келтірілген залал 5 млрд теңгеге бағаланып отыр.

Браконьерлік әрекет салдарынан Қазақстандағы киік популяциясына елеулі зиян келтірілді.

Ұсталған адамдар қамауға алынды.

Оларға қатысты Қылмыстық кодекстің  339-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы (жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.