Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

«Борат-2» фильміне қарсы алматылықтар АҚШ консулдығының алдына келді

Белсенділер петицияны бас консулға табыстамақ.

«Борат-2» фильміне қарсы алматылықтар АҚШ консулдығының алдына келді
Фото: tengrinews.kz

"Борат-2" фильмінің шығуына наразы алматылықтар АҚШ консулдығының алдына келді, деп хабарлады paryz.kz.

Қала тұрғындары ұйымдастырған наразылық акциясы 23 қазанда түсте өтті. Консулдыққа жиналған алматылықтар Саша Барон Коэннің жаңа фильмін нәсілшіл және дөрекі деп санайтындарын мәлімдеді. Сондықтан олар кинокартинаны көрсетуге тыйым салу үшін тұрғындардан қол жинаған.

"Біз, патриот қазақ жастары, "Борат" фильмінің жалғасын жарыққа шығармауға белсенді түрде шақырамыз. Оған бойкот жариялау керек", - дейді алматылықтар.

Белсенділер петицияны бас консулға табыстамақ.