«Сынаушы Алла...»: Шымкентте полиция бөлімінде көз жұмған жігіттің қызы жылап қалды (ВИДЕО)

Желі қолданушылары аккаунт иесіне көңіл айтып, сабырға шақырды.

«Сынаушы Алла...»: Шымкентте полиция бөлімінде көз жұмған жігіттің қызы жылап қалды (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Шымкентте Полиция департаменті ғимаратында тергеу кезінде азаппен өлген Нұрболат Жұмабаевтың болашақ жары болуы мүмкін деген бойжеткеннің видеосы әлеуметтік желілерді шарлап кетті деп хабарлайды Paryz.kz.

Желі қолданушылары аккаунт иесіне көңіл айтып, сабырға шақырды.

"Той күні белгіленген екен. Шымкентке қызды алып кетуге келгендегі жағдай", "Шымкенттен қалыңдығын әкеле жатқанда полицейлер ұстап алған. Сосын машина ұрлаған деп мойындату үшін ұрған", "Қостанайдан Шымкентке қыз алып қашуға барған. Полицейлер оны ұрлықшы деп ұрған кезде ұйқы безі жарылып кеткен", - деп жазды көпшілік.