Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"Сәуле Омарова Ұлттық банкті басқаруы тиіс" - Азаматхан Әміртай

"Айтайын дегенім, біздің елде осындай ғаламдық деңгейдегі қаржыгер жоқ. Содан болар қаржы саламыз ақсап тұр. Мысалы төл теңгеміз айналымға түскелі бері 100 есеге құнсызданды. Бұған кім кінәлі?"

"Сәуле Омарова Ұлттық банкті басқаруы тиіс" - Азаматхан Әміртай
фото: ашық дереккөз

Бізде қаржы саласында мықты мамандар жоқ. Бар болса да аз. Содан болар ұлттық теңгеміздің жиі теңселуі. Менің айтқым келгені, АҚШ-та қызмет ететін еліміздің тумасы Сәуле Омарова жөнінде. Осыдан біраз бұрын оны АҚШ президенті Джо Байден банк саласын реттейтін қызметке ұсынған еді. Егер де оның кандидаты өтіп кеткенде, Сәуле Омарова басқармада үш жарым мың қызметкері бар һәм жиынтық активі 15 триллион доллар болатын мыңнан астам банктің үстінен қарар еді.

Бұл туралы қоғам белсендісі Азаматхан Әміртай өзінің facebook-парақшасында жазды деп хабарлайды Paryz.kz

Алайда әрнәрсеге қатаң қарайтын американдықтар Сәулені коммунистік көзқарастағы адам болуы мүмкін деп қаржы саласының басшылығына жібермеді. Жарайды, мәселе онда емес. Өте білімді, білікті адам жерде қалмайды. Қарапайым қазақ қызының АҚШ-тағы ондай үлкен лауазымға ұсынылуының өзі неге тұрады? Айтайын дегенім, біздің елде осындай ғаламдық деңгейдегі қаржыгер жоқ. Содан болар қаржы саламыз ақсап тұр. Мысалы, төл теңгеміз айналымға түскелі бері 100 есеге құнсызданды. Бұған кім кінәлі? Әрине қаржы саласын дұрыс жүргізе алмайтындардың Ұлттық Банкте басшы болып отыруынан. Теңгеміздің алдағы жағдайы да күмәнді. Сондықтан біздің билік АҚШ-та жүрген Сәуле Омарованы елге шақырып, Ұлттық Банктің тұтқасын ұстатуы керек-ау деп ойлаймын, - дейді ол.