Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

Мәртебеге ие ұстаным - отансүйгіштік

Қай заманда да әр адамның санасындағы аса мазмұнды және құрметті мәртебеге ие ұстаным – ол отансүйгіштік сезім (іс-әрекет) болып келгені ақиқат. Бұл туралы әлемдік және төл тарихымыздың әр бетінен негізді дерек табылады. Еліміздің тәуелсіздігінің алғашқы күнінен бастап Елбасы осы мәселені тұрақты көтеріп келеді. 

Мәртебеге ие ұстаным - отансүйгіштік

Осы ретте, еліміздің әскери және мемлкеттік қызметтерінің септігі маңызды рөл атқарады. Олар Отанға қызмет етуге байланысты еңбекке адал және жауапты көзқарасты қалыптастырып, кез келген жағдайда күрделі және жауапты міндеттерді орындауға дайын болуды үйретеді.  

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орайластырылған салтанатты шара өтті. Мерекелік кездесу Бәйтерек орта мектібінің акт залында ұйымдастырылды. Аталмыш шара Қызылжар ауданы әкімінің орынбасары Алма Нұрғалиеваның, білім бөлімінің басшысы Амангелді Абдрахмановтың қатысуымен өтті. Одан бөлек, Петропавл гарнизоны әскери прокуратурасының өкілі, СҚО бойынша ҰҚКД өкілі, Шекара қызметінің өкілі, СҚО қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілі, Қызылжар ауданының ТЖ өкілі, Қызылжар ауданы ІІБ өкілі, "Сардар" ББМДҰ тәрбиеленушілері, Қызылжар ауданының ТП және ТС оқытушы-ұйымдастырушылары, Қызылжар ауданының әскери-патриоттық клубтарының өкілдері, "Сардардың" белсенді әрі үлгілі тәрбиеленушілері болды.


Шара барысында Қазақстанның Тәуелсіздігіне қатысты маңызды ақпараттар айтылып, үлкен аға буын өкілдері жас сарбаздарға өз тілектері мен жолдауларын білдірді.

Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, шараның мақсаты - тәрбиеленушілер мен оқушылардың бойында жоғары патриоттық сананы, өз Отаны үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру, Отанның мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтық борышты және конституциялық міндеттерді орындауға әзірлікке тәрбиелеу, әсіресе әскери және онымен байланысты басқа да процестерде, Мемлекеттік қызмет түрлерінде, бейбіт және соғыс уақыты жағдайында конституциялық және әскери борышқа адалдықты, жоғары жауапкершілік пен тәртіптілікті белсенді түрде танытуға бағытталды.