Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

"Дешевый пиар": Журналист министр Мусиннің электркөлікке мінгенін сынады (ВИДЕО)

"...Қысқасы, министр Мусиннің әрекеттерінің барлығы тек "арзан пиар" үшін жасалған. Біраз қызық мысалдар және дәлелдерді алдағы уақытта жариялайтын боламын".

"Дешевый пиар": Журналист министр Мусиннің электркөлікке мінгенін сынады (ВИДЕО)

Кейбіреулердің ойынша Мусин Багдат әдемі пиар жасайды. Бірақ бізге ондай пиардың қажеті қанша?! Мысалы, осыдан 2 ай бұрын Мусин мырза электрокөлікке отырғаны туралы ақпарат біраз жерге шықты. Иә, бір жағынан "онда тұрған не бар, қайта молодец, экологияны уайымдап, плюс ақшаны экономия жасап жатыр" деген ой барлығыңызға келуі заңдылық. Кім кеңес бергенін білмеймін. Бірақ бұл - таза "арзан пиар". Ерболат Мұхамеджан есімді журналист facebook-парақшасында осылай деп жазды деп хабарлайды Paryz.kz.

Себебі, Мусиннің осы күнге дейін Қазпошта АҚ (қазіргі таңда дефолттың алдында) 3 жыл басқарғанын білеміз. Егер журналист достарымыз зерттеп жіберсе, қазіргі мақтаншақ министрдің сол кезде нақты қандай көлік мінгенін біле аламыз. Яғни, шынымен өзі айтқандай экономияны ойлайтын болса, сол кезде неге мінбеді?! Оған не кедергі болды? Менің ойымша ешнәрсе, тек ол кезде BTS Digital және Сбер деген шулы тақырып болмады.

Жақсы. Электрокөлікке мінгені дұрыс. Бірақ арзан пиардың қажеті қанша? - дейді ол.

Оның жазуынша, алғаш болып электрокөлікке мінген Әділет министрі Марат Бекетаев.

Ал Бекетаев пиар үшін мінбеді. Немесе Мусин сияқты Үкімет үйінің алдына өтірік видеоны ұйымдастырмады. Тағы бір қызық ақпарат, Марат Бекетаев өзі ғана емес вице-министрлері және тағы да басқа комитет басшылары да көлікті электромобильге ауыстырған. Ал, Мусин тек өзі ғана мінген, тіпті электрокөлікті әділет министрінен жалынып сұрап алған болса да таң қалмаймын. Одан бәрі шығатынына көзім жетіп келеді.

P.S. Қысқасы, министр Мусиннің әрекеттерінің барлығы тек "арзан пиар" үшін жасалған. Біраз қызық мысалдар және дәлелдерді алдағы уақытта жариялайтын боламын, - деп жазды журналист.