Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Орал тұрғыны үш жыл бұрын жоғалып кеткен ұлын іздеп жатыр

Әкесі ұлын іздестіріп, шаруашылықтардың барлығына қоңырау шалып, ұлының фотосын жіберген.

Орал тұрғыны үш жыл бұрын жоғалып кеткен ұлын іздеп жатыр
фото: дереккөз

Оралда ер адам үш жыл бұрын жоғалып кеткен ұлын іздестіріп жатыр. 2019 жылдың 12 қыркүйегінде 38 жастағы Аслан Бакенов үйден шығып, қайта оралмаған. Әкесі ұлын аман-есен табатынына үміттеніп жүр деп хабарлайды Paryz.kz

 "Надежда" газетінің жазуынша, Нәжмеден Бауенов ұлының екі жоғары білімі бар екенін, шахмат бойынша спорт шеберіне үміткер, өте сабырлы және ешкімге зияны тимейтін адам екенін айтады.

Біз 13 қыркүйекте Подстепный ауылында Асланды көрген адамдарды таптық, онда ол өзі туып-өскен Сырым ауданына оралып, сол жерде ауыл шаруашылығымен айналысқысы келетінін айтқан. Біз оның 14 қыркүйекке дейінгі қозғалысын бақыладық.

Межелі жерге дейін ол жол-жөнекей көліктермен барған. Жымпиты арқылы Талдыбұлақ ауылына жеткен. Содан кейін Александровка ауылында тағы бір көлік оны Алатауға жеткізген.  Бірақ ер адам ол жерде қалмай, 14 қыркүйекте сол жерден қайтадан жолға шығып кеткен. Соңғы рет оны сол күні "Сапар" кафесінде көрген. Содан кейін ол жоғалып кеткен. Бұдан кейін оның қайда барғаны белгісіз, ешкіммен байланысқа да шықпаған. Біз полицияға, түрлі БАҚ пен телебағдарламаларға жүгіндік. Тіпті көріпкелдерге де бардық. Олар менің ұлым үйленді дейді. Үш жыл ішінде, әрине, бәрі мүмкін. Бірақ жоғалған кезде ол бойдақ еді, ешкіммен кездеспеген және шаруашылықпен айналысқысы келген, – деді ол.

Әкесі ұлын іздестіріп, шаруашылықтардың барлығына қоңырау шалып, ұлының фотосын жіберген. Тіпті алты Аслан есімді жігітті тапқан, бірақ олардың ешқайсысы ұлы болмай шыққан. Ер адам күндердің бір күні ұлы оған хабарласып, өзінде бәрі жақсы екенін айтатын күн туады деп күтіп жүр. 

Бәлкім, ол телефонын жоғалтып алған шығар, үйленіп те алған шығар, бірақ біз оның қайда және не істеп жүргенін білгіміз келеді. Тезірек қайтып орал, сені жақындарың іздеп жатыр, сағындық, – дейді жоғалған ұлын іздеп жүрген әке.