Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Полицейлер күдіктілерді кешірім сұратып видеоға түсіреді. Бұл заңды ма?

Алматы қалалық ПД бастығының тергеу бойынша орынбасары Рустам Абдрахманов өзінің инстаграм парақшасына жауапкершілікке тартылған азаматтардың фотосуреттерін үнемі жариялайды...

Полицейлер күдіктілерді кешірім сұратып видеоға түсіреді. Бұл заңды ма?
фото: ашық дереккөз

Жазаланушының рұқсатынсыз полицейлердің ұсақ қылмыс жасап жауапкершілікке тартылғандарды видеоға түсіріп, ел алдына кешірім сұратып шығаруын заңгер Марат Башимов өзгенің құқығына қол сұғуы екендігін айтты деп хабарлайды Paryz.kz, 31-телеарнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап. 

Қоғамдық тәртіпті бұзып, өзгенің мүлкіне қол салғандар тиісті жазасын алуға міндетті. Дегенмен сол жазамен қоса, көп жағдайда бұзақылық жасағандардың ел алдында кешірім сұрайтын видеолары желіде тарап кетеді.

Бұл туралы заңгер Марат Башимов егер қылмыскердің келісімінсіз мәжбүрлі түрде түсіртсе, бұл – адам құқығын таптау дейді.

Полицейлер мұндай әрекетті көбінесе рұқсатсыз жасайды. Сондықтан инстаграм, фейсбукке салынған нәрселер – конститутциялық заң бұзушылық. Жазаланушыны әкімшілік жауапқа алынды, жаман адам, бұзақы деп көрсету дұрыс емес, – дейді Марат Башимов.

Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының тергеу бойынша орынбасары Рустам Абдрахманов өзінің инстаграм парақшасына жауапкершілікке тартылған азаматтардың фотосуреттерін үнемі жариялайды. Ал мұның қаншалықты заңды екеніне толық жауап бермеген.

Жалпы ұрлық жасап, қоғамдық жерлерде заңсыз әрекет еткендер әкімшілік жазаға тартыла отырып, видео, сурет арқылы кешірім сұрауы өз еріктерімен бе, әлде полицейлердің қалауыамен бе, ол жағы белгісіз.