Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

"Бұл кімнің кінәсі?": Ақтөбе облысының әкімі картоптың шірігеніне қатысты пікір білдірді

Ең қызығы, тұрақтандыру қоры осы шіріген картоп сатып алуға 78,6 млн теңге жұмсаған. 

"Бұл кімнің кінәсі?": Ақтөбе облысының әкімі картоптың шірігеніне қатысты пікір білдірді
фото: ашық дереккөз

Жақында желіде Ақтөбе дүкендерінің сөрелеріне шыққан шіріген әлеуметтік картоп наразылық туғызды. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин осы оқиғаға қатысты пікір білдірді Paryz.kz.

"Диапазон" басылымының хабарлауынша, әкім картоптың шіріп кетуіне қызметкерлер кінәлі екеніне сенімді.

Тауарлар уәде бергеніндей болмай шықты. Бұл кімнің кінәсі? Келісімшартқа қол қойғандар ма немесе тауарды жеткізгендер ме, не болмаса өндірушілер ме? Қазір мұны анықтап жатырмыз. Кінәні бір-біріне сілтеп отыр. Бірі дұрыс тауар өндірдік дейді, екіншісі дұрыс жеткізгенін айтады. Ал сатушы не бар соны алыңдар дейді. Кәсіпкерлерге келетін болсақ, енді олардың адалдығына назар аударамыз. Ал қызметкерлерге, ауыл шарушалығы басшылығы мен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына қатысты шешім тексеріс соңында шығады, - деп түсіндірді әкім.

Еске салсақ, Ақтөбе тұрғындары 84 теңге тұратын әлеуметтік картоптың шіріп кеткені туралы хабарлаған. Ең қызығы, тұрақтандыру қоры осы шіріген картоп сатып алуға 78,6 млн теңге жұмсаған.