Алматы облысында борсық аулаумен айналысқан орманшы ұсталды (ВИДЕО)

Қазіргі таңда тергеу амалдары жүріп жатыр.

Алматы облысында борсықтарды заңсыз аулаған орманшы ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.

21 қазан күні сағат 22.00 шамасында Қарасай ауданының Шөладыр тауынан табиғатты қорғау полицейлері қоғам өкілдерімен бірлесіп, екі аңшылық ит пен бүйір ілмектері бар шанышқылар түріндегі арнайы браконьерлік құрылғының көмегімен борсықтарды аулаған Қаскелең қаласының 59 жастағы тұрғынын ұстады. 

Оған тиесілі “Нива” маркалы автокөлікті тексеру кезінде тәртіп сақшылары өлтірілген екі борсықты, бетінде қан іздері бар екі итті, сондай-ақ, браконьерлік шанышқыларды тапты.

Ұсталған адамның Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының орманшысы екені анықталды және қызметтік міндеттеріне сәйкес ол браконьерлікпен күресуге тиіс болатын. 

Аталған дерек ҚР ҚК 337-бабының 4-бөлігі ("Заңсыз аңшылық") бойынша тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде.