Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

"О дүниеге төрт баламды ала кетем": Алматыда тағы бір ана сұмдық қадамға баратынын айтты (ВИДЕО)

"Өмір сүргім келмейді. Шаршап кеттім. Таң болмаса екен деп тілеймін. Құдай жанымды алса екен өзіме қол жұмсамай-ақ. Есікті ешкімге ашпаймыз. Біреу келіп қалса деп қорқынышпен өмір сүруден шаршадым. Осы өмір ме?!" - дейді ол. 

"О дүниеге төрт баламды ала кетем": Алматыда тағы бір ана сұмдық қадамға баратынын айтты (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Кедейлік пен әділетсіздіктен шаршап, 4 баласымен о дүниеге аттануға дайын отырған ананың күйініші қандай? Не себепті мұндай шешімге келді? 4 баласымен о дүниеге аттануға әзір тұрған Ақмарал Асабаеваның күрделі түйінінің шешімі бар ма?!

Бұл туралы Paryz.kz almatytv телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Өмір сүргім келмейді. Шаршап кеттім. Таң болмаса екен деп тілеймін. Құдай жанымды алса екен өзіме қол жұмсамай-ақ. Есікті ешкімге ашпаймыз. Біреу келіп қалса деп қорқынышпен өмір сүруден шаршадым. Осы өмір ме?! Айтыңызшы. Менің ештеңеден үмітім жоқ. Үмітімді үзгенмін бәрінен. Ештеңе қызық емес, - деп төрт баланың анасы сөзін шорт кесті.

2018 жылы жолдасы екеуі үй алған. Оны әкесінің атына рәсімдепті. Себебі болашақта несие болып қалады деген қорқыныш болған. Әкесі сол жылы инсульт алып, қатты ауырып, комаға түседі. 4-5 күннен соң қайтыс болады. Өмірден озардан бұрын құжаттарды алып кет деп қызын шақырған екен. Оны үйге алып кетіп, тығып қойған.Бірақ анамсы бір күні келіп, одан сол құжаттарды сұрайды, ойында арам ой жоқ ол беріп жібереді. Сөйтсе, анасы ол үйді сатып жіберген екен.

Жолдасым мені қатты кінәлады. Үйден кетіп қалды. Қазір арамыз нашар. Сен бұл мәселені шеше алмайсын, мен өзім жұмыссызбын. Далада қалдық деп кетіп қалды. Мен өзімді қатты кінәлі сезінемін. Сол үшін өмірден баз кештім,- дейді ол.

Егер мәселенің шешімі табылса, үй қайтарылса, жолдасымен жаңадан өмір бастауға дайын екендігін жеткізді. Төрт баласының әкесіз өскенін қаламайтындығын айтып, көзіне жас алды.