Прямая трансляция

Астана

Астана

-2.03°C

Америкалық отбасы асырап алған бойжеткен Қазақстаннан әкесін іздеп жүр

Оны америкалық отбасы асырап алған. 

Америкалық отбасы асырап алған бойжеткен Қазақстаннан әкесін іздеп жүр
фото: ашық дереккөз

Америкалық отбасы асырап алған Элизабет Азиз Қазақстаннан туған әкесін іздеп жүр деп хабарлайды Paryz.kz, "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап. 

Бойжеткен биологиялық анасын тапқан. Алайда ол әкесі жайлы ешқандай мәлімет бермепті. Элизабет туған анасын қалай іздеп тапқанын баяндап берді. 

Instagram-да есімі дәл сондай әйелді көріп, жаздым. Енді биологиялық әкемді немесе оның отбасын іздеймін. Менде ол кісінің есімі Жасұлан Тлеуов деп жазылған. Бірақ шынайы дұрыс есімі осы екеніне сенімді емеспін. 2003 жылы Ақтөбеде тұрғанын, ол кезде жасы 16-18-де болғанын да білемін, - дейді бойжеткен. 

Бойжеткеннің айтуынша, биологиялық әкесі мектеп бітіргеннен кейін әскерге кеткен. Кейін жол апатынан қайтыс болды деп естіген. Алайда бойжеткен бұл ақпараттың рас-өтірігін анықтағысы келеді. 

Бойы ұзын, орысқа ұқсас болатын деп айтты. Балалар үйіндегілер ұлты татар болуы мүмкін деп болжады. Бар білетінім осы, - дейді Элизабет. 

Қазіргі уақытта Элизабет АҚШ-та тұрады. Оны америкалық отбасы асырап алған.