Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

115 бас жылқы ұрлаған павлодарлық Мәскеуде ұсталды

Ол полициядан үш жыл бойы жасырынған.

115 бас жылқы ұрлаған павлодарлық Мәскеуде ұсталды
фото: ашық дереккөз

Мәскеуде 115 жылқы ұрлап, жасырынып жүрген күдікті ұсталды деп хабарлайды Paryz.kz.

Павлодар облысының 54 жастағы тұрғыны сот төрелігінен қашып, елден тыс жерге кеткен.

Полиция қызметкерлері Ресей Федерациясы Мәскеу қаласының қылмыстық іздестіру бойынша әріптестерімен бірлескен жедел іс-шаралары нәтижесінде қашқынның жүрген жерін анықтады.

Ер адам Мәскеу метроларының бірінде ұсталды. Ол полициядан үш жыл бойы жасырынған. Қазіргі уақытта бірқатар қажетті тексеру жүргізілуде, оның нәтижелері бойынша күдіктіні Қазақстанға экстрадициялау туралы мәселе шешілетін болады, – делінген хабарламада.