Қыздың анасы баланы пәтерге қамап, өзі азық-түлік алуға кеткен.
Таразда гвардияшылар баланы өлімнен құтқарып қалды деп хабарлайды Paryz.kz.
Оқиға 8 желтоқсанның кешінде болған. Ұлттық ұланның 5513-әскери бөлімінің жасағы тұрғын үйдің бесінші қабатындағы терезеден секіргелі жатқан қызды байқап, уақытты созу мақтасында құтқарушылар келгенше сөзге айналдырып тұрыпты.
Әскери нарядтың бастығы Ерден Ауған бұл жайтты дереу әскери нарядтар бойынша кезекшіге және учаскелік инспекторға баяндаған.
Жедел жеткен учаскелік полиция қызметкері қыздың анасынан кілтті алып, үйге кірді.
Кейін анықталғандай, қыздың анасы баланы пәтерге қамап, өзі азық-түлік алуға кеткен.