Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

Елімізде қоқыс өңдеушілер "қоңыз теріп" кете жаздап жүр

"Зауытта жұмыс істейтін отандастарымыздың жалақысы – 70-80 мың теңге", - деді сенатор.

Елімізде қоқыс өңдеушілер "қоңыз теріп" кете жаздап жүр
фото: kaztag.kz

Сенатор Динар Нөкетаева Қазақстандағы қалдықтарды қайта өңдеу зауыттары жұмысшыларының еңбек жағдайына алаңдаулы, деп хабарлады paryz.kz, ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.

"Қабылданған заң жобасы шеңберінде тұрмыстық қатты қалдықтарды термиялық өңдеу арқылы электр энергиясын өндіретін зауыттардың құрылысын салу үшін 180 миллиардтан астам жеке инвестицияларды тарту жоспарлануда. 2024 жылға қарай 6 зауыт салу керек. 2019 жылы мен Алматы маңындағы қалдықтарды қайта өңдеу зауытының жұмысымен таныстым. Сонда зауытта жұмыс істейтін отандастарымыздың жалақысы 70-80 мың теңге деп айтылды. Бұл адамдар жұмыс істейтін ортада зиянды газдардың, жұқпалы және басқа аурулардың деңгейі жоғары", - деді сенатор.

Ол "осы зауыттардың жұмысшылары қаншалықты әлеуметтік қорғалған? Жалақы өсіп жатыр ма немесе зиянды жағдайда жұмыс істегені үшін қосымша төлем бар ма және салалық министрліктер осындай зиянды жағдайларда жұмыс істейтін азаматтарымызды әлеуметтік қолдау үшін қандай шешімдер қарастырды?" - деген сұрақтарға жауап алғысы келеді. Бірақ, әзірге бірде-бір жауап жоқ.

Осы орайда, өзі мұндай зауыттардың өте қажет екендігіне және олардың болашақта жабылмайтындығына күмән келтірді.