Қоғамдық талқылау 2021 жылғы 15 желтоқсанға дейін өтеді.
Елордада бұрын нөмірмен немесе жобалық атаумен белгіленіп келген 28 көшенің аты ауысады. Онымен қоса бірнеше гүлзәр мен ескі көшенің де аты өзгереді деп хабарлайды Paryz.kz, "Крыша" басылымына сілтеме жасап.
Елорда әкімдігінің бірқатар көшеге атау беру туралы қаулысының жобасы “Ашық НҚА” сайтында жарияланды. Қоғамдық талқылау 2021 жылғы 15 желтоқсанға дейін өтеді.
Сонымен, Есіл ауданында атауы өзгеретін көшелер тізімі мынадай:
- № 201 көше — Баймұхамет Қосшығұлов көшесі;
- Е11 көшесі — Әзілхан Нұршайықов көшесі;
- Е13 көшесі — Нағашыбай Шәйкенов көшесі;
- Е15 көшесі — Хусам ад-динас-Сығанақи көшесі;
- Е108 көшесі — Мақтымқұл көшесі;
- Е321 көшесі — Юнус Емре көшесі;
- Е576 көшесі — Тасарал көшесі;
- Е578 көшесі — Ербол Шәймерденов көшесі;
- Е609 көшесі — Әшірбек Сығай көшесі;
- Е612 көшесі — Аяған Шәжімбаев көшесі;
- Е613 көшесі — Саят Әбеев көшесі;
- Е616 көшесі — Жанайдар Сәдуақасов көшесі;
- Е632 көшесі — Тұяқберді Шәмелов көшесі;
- Е633 көшесі — Бақтыгерей Құлманов көшесі;
- Е635 көшесі — Ғазиз Байтасов көшесі;
- Е652 көшесі — Мұхаммед Әли Джинн көшесі;
- Е809 көшесі — Жошы хан көшесі.
Алматы ауданы:
- А23 көшесі — Николай Макиевский көшесі;
- А82 көшесі — Мұхамеджан Тынышбаев көшесі;
- № 23–15 көшесі — Қалибек Қуанышбаев көшесі;
- Тоқтар Әубәкіров көшесі — Шұбартау көшесі;
- Жағажай көшесінің бір бөлігі (Көксай көшесінен бастап) — Тоқтар Әубәкіров көшесі.
Біріктіріліп, атауы өзгеретін көшелер:
- Е584 және Е631 — Бекболат батыр көшесі;
- Е585 және Е865 — Әміре Едіге көшесі;
- Е586 және Е875 — Роза Жаманова көшесі;
- Е589 және Е611 — Тұрмағамбет Ізтілеуов көшесі;
- Мақтымқұл және Қобыланды батыр көшесі — Қобыланды батыр көшесі.
Сарыарқа ауданы:
- Тынышбаев және Иманжүсіп Құтпанов көшелері біріктіріліп, көше аты Иманжүсіп Құтпанұлы деп аталады. Ал “Жасыл орам” ТК жанындағы, Сығанақ көшесіндегі саябақ “Бухарест” деп аталады.