Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Деструктивті діни ағым мүшесі есірткі пайдаланған

Ол 15 тәулікке қамалып, 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айрылды.

Деструктивті діни ағым мүшесі есірткі пайдаланған
Фото: zanmedia.kz

16 қазан күні БҚО Теректі ауданының У.Л. есімді тұрғыны Даумов көшесінде Toyota Camry көлігін есірткі пайдаланып, масаң халде басқарып келе жатып ұсталған, деп хабарлады paryz.kz.

Масаң халін тіркеу үшін жүргізілген медициналық куәландыру "есірткі-каннабиноидтар тұтынудың әсерінен болған (марихуана есірткісі) масаң күй" деген №9104 қорытынды шығарған.

Сот отырысында У.Л. кінәсін мойындады. Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты У.Л-ды Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 608-бабы, 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, осы бап бойынша оған әкімшілік жаза ретінде 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жазаны қолдану жайлы шешім шығарды.

БҚО құқық қорғау органдарының мәліметінше, есірткіге елтіп көлік рөлінде емін-еркін жүрген батысқазақстандық – деструктивті діни ағым мүшесі.