Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

"Ауылда тұрғысы келмеді": Түркістан облысында 14 жастағы қыз үйінен кетіп қалған

Шымкентке нағашы апасының үйінде тұруға кеткен.

"Ауылда тұрғысы келмеді": Түркістан облысында 14 жастағы қыз үйінен кетіп қалған
фото: дереккөз

Түркістан облысында 14 жастағы қыз жоғалып кетіп, анасы полицияға арызданды. Әйел адам қызының үйден шығып кеткенін, содан қайтып оралмағанын айтқан деп хабарлайды Paryz.kz.

Біраз уақыт әйел қызын өзі іздеп көрген, бірақ бұл нәтиже бермепті. Сондықтан ол құқық қорғау органдарына жүгінген.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары қажетті іс-шаралар кешенін жүргізген. Олар маңайдағы аумақтарды тексеріп, ықтимал куәгерлерден сұрастырған. Нәтижесінде жоғалып кеткен 14 жастағы қыз 24 сағаттың ішінде табылды. Ол Шымкентте тұратын туысының үйінде болған. Мектеп оқушысы аман-есен ата-анасына қайтарылды.

Кәмелетке толмаған қыздың айтуынша, ол ауылда тұрғысы келмеген, сондықтан Шымкентке нағашы апасының үйінде тұруға кеткен. Жеткіншектің анасы полиция қызметкерлеріне жедел жұмыс істегені үшін алғысын білдірді.