Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

"Алимент өндіріп беремін": Алматыда "адвокат" 21 жастағы келіншекті 8 ай бойы зорлаған

Тіптен келіншекке прокуратура қызметкері "сенің өлуің керек еді" деген ауыр сөздерді айтып, болған іске өзін айыптаған. 

"Алимент өндіріп беремін": Алматыда "адвокат" 21 жастағы келіншекті 8 ай бойы зорлаған
фото: ашық дереккөз

Алматы облысының тұрғыны Анар 18 жасында тұрмысқа шыққан. Балалы болған болған келіншек дәм-тұзы жараспай, күйеуімен ажырасқан. Кейін одан заңды түрде алимент өндіріп алмақ болады. Көп ұзамай ғаламтордағы сайттардың бірінде өзін адвокатпын деп таныстырған Әсет есімді азамат алимент алып беремін деп, қызды құрығына түсірген деп хабарлайды Paryz.kz, "Азаттық Рухы" сайтына сілтеме жасап. 

Қорғаушы өзін әртүрлі есіммен таныстырған. Отбасылы емеспін, басым бос деп алдаған. Бұл туралы жәбірленуші "Еуразия бірінші" телеарнасының «KOREMIZ» ток-шоуында айтты. 

Басында сен сияқты қыздарға көмектесіп жүрмін, алимент алып беремін, тіпті тегін жасаймын деді. Кейін сен ұнайсың деп сезімін білдірді. Маған гүл алып келіп, ұсыныс жасады. Мен ол кісіге «жасыңыз үлкен, шалсыз» деп айттым. Проблеманың бәрі осы сөзден кейін басталды, – деді кейіпкер. 

Анардың айтуынша, осыдан кейін адвокат оны үйінің ауласынан күтіп алып, белгісіз жаққа алып кетіп зорлаған. Кейіннен бұл ісін тұрақты түрде жалғастырып келген.

8 ай бойы зорлап келді. Есіктің алдына келіп, көлігінде зорлайтын. Одан кейін бір күнде "бірнеше еркекпен жыныстық қатынасқа түсіп, видеосын жібер" деді. Айтқанын істемеген соң, екі досымен жыныстық қатынасқа түсуім керегін айтты. Оны да видеоға түсіріп жібер дейді. Өзімді өлтірмекші болдым. Сіңлілеріммен, ініммен, қызыммен қорқытты. Айтқанымды істемесең, оларды жоқ қылып жіберемін дейді. Одан бөлек, қит етсе әкеңе барып бар шындықты айтамын. Анаңа хабарласамын деп қорқытатын. Мен кімнен барып көмек сұрарымды білмедім. Үйдегілерге айтсам, өзіме ұрсатын болар деп қорықтым. Ақыр аяғында ауладағы сарайға барып асылып өлмекші болдым. Бірақ інім көріп, құтқарып қалды, - деді көз жасына ерік берген Анар. 

Амалы таусылған Анар нағашы ағасына мән-жайдың шет жағасын айтқан. Ағасы достарын жинап келіп, адвокатты аулада ұстап алып, қол көтерген. Осыдан кейін Талғар ауданының полиция бөлімі адвокаттың арызы бойынша қылмыстық іс қозғап, Анардың арызын жауып тастаған. Тіптен келіншекке прокуратура қызметкері "сенің өлуің керек еді" деген ауыр сөздерді айтып, болған іске өзін айыптаған. 

Мен тергеудің әділ жүретініне сенбеймін. Менің арызым бойынша Әсеттің үстінен ешқандай қылмыстық іс қозғалмады. Ол жердегі құқық қорғау қызметкерлері келіншегінің таныстары. Ал мені қорғаған ағам қазір түрмеде жатыр. Осы әділетсіздік пе?! Неге заң, жаза бәріне әділ және ортақ болмайды, – деді жәбірленуші.