Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

Астанада күйеуі бұрынғы әйелін көлік капотында сүйреген (ВИДЕО)

Көлік капотындағы әйелді көрген жүргізушілер тәртіп бұзушының жолын жауып тастады.

Астанада күйеуі бұрынғы әйелін көлік капотында сүйреген (ВИДЕО)
Фото: www.drive2.ru

Нұр-Сұлтанда KIA Cerato жүргізушісі бұрынғы әйелін көлік капотында сүйреген, деп хабарлады paryz.kz, қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Отбасылық драма түнде Гете көшесіндегі вокзал алаңында өрбіген. Ерлі-зайыпты автокөлік салонында әңгімелесіп отырып, сөзге келіп қалған. Әйелдің айтуынша, ол көліктен шыққан, бірақ, салонда құжаттарын ұмытып кеткен. Ал күйеуі есікті ашпай, қозғала бастаған. Осы уақытта әйел автомобильдің капотына секіре жөнелген. Жүргізуші оған қарамастан, жылдамдықты арттыра отырып, жүре берген.

Жанынан өтіп бара жатқан жүргізушілер автокөлік капотынан әйелді көріп, тәртіп бұзушыны тоқтатуға тырысқан. Алайда, ол жылдамдықты төмендетпестен, жол бойындағы көліктерді басып озады. Нәтижесінде, куәгерлер көліктің жолын жауып тастады. Полиция қызметкерлері де бейнебақылау камералары арқылы жүргізушінің әрекетін байқап, оқиға болған жерге экипаж жіберді", - деп хабарлады полиция өкілдері.

"Полицейлер жүргізуші мен әйелді полиция басқармасына жеткізді. Бұрынғы ерлі-зайыпты мәселені өзара шешті. Әйел зардап шеккен жоқ. Аталған дерек бойынша KIA Cerato жүргізушісіне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 593-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің басшылығы өз әрекеттерімен жолдағы қайғылы оқиғаның алдын алуға көмектескен жанашыр жүргізушілерге алғысын білдіреді", - делінген хабарламада.