Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

«Оралман» сөзін ауыстыру туралы бұйрық шықты

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғынбаевтың бұйрығына сәйкес «оралман» термині «қандас» болып өзгертілді. Бұйрық 2021 жылы қаңтар айында күшіне енеді.   

«Оралман» сөзін ауыстыру туралы бұйрық шықты
сурет egov.kz сайтынан

ҚазАқпараттың хабарлауынша, бұйрықта жазылғандай, тұрақты тіркеуі жоқ қандастар тұрақты тұруға рұқсатты алу және Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алу үшін ПД бастығының атына және біруақытта азаматтық мәселелері бойынша шешім қабылдайтын келген мемлекеттің лауазымды адамына шетел азаматтығынан бас тартқаны туралы нотариалды куәландырылған жазбаша өтінішхатпен (өтінішпен) жүгіну керек.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Оралман» сөзінен бас тартып, «қандас» дегеніміз жөн болатынын айтқан еді. «Мен бұдан бұрын да тарихи отанына келген қазақтарды «оралман» деп атаудан бас тартып, «қандас» дегеніміз жөн болады деген едім. Жеті атасын білетін халыққа «қандас» деген ұғым жарасады», - деді Президент. Сондай-ақ, Мәжіліс «қандас» атауын енгізетін заң жобасын мақұлдады.