Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Түркиядан үй сатып алатын қазақстандықтар көбейіп кеткен

Үй сатып алушылар ол жақтағы баспана бағасының арзандығын алға тартады. 

Түркиядан үй сатып алатын қазақстандықтар көбейіп кеткен
фото: pixabay.com

Түркиядан баспана алып жатқан қазақстандықтардың саны төрт есе өсті, деп хабарлайды Paryz.kz.

"Астана" телеарнасының мәліметіне қарағанда, 9 айдың ішінде 25 мың қазақстандық басқа мемлекетке қоныс аударған, солардың басым бөлігі Түркияны таңдаған екен.

Ресми мәліметтер бойынша, 2017 жылы қазақстандықтар Түркиядан 334 пәтер сатып алған болса, биылғы 9 айдың ішінде бұл көрсеткіш 1339-ға жеткен. Түркияға көшкендердің көбі Алания, Анталия аймақтарын таңдапты.

Құрылыс салушы компания үйдің сызбасын сызып жатқанда алсаңыз, әлдеқайда арзанырақ аласыз. Егер қаласаңыз, құрылыс аяқтала салысымен, сатып жіберіп, пәтердің үстінен 20-30 пайыз пайда көре аласыз. Ал шаршы метрі 50-70 болатын дайын пәтерді 50 мың еуроға сатып алуға болады. Түркиядағы нарықта сіз үйді жиһаздарымен ала аласыз. Тек тіс щеткасы мен чемоданыңызбен келсеңіз болды, - дейді Түркиядағы жылжымайтын мүлік сату агенті Мейірбек Тұрмағамбетов.

Оның айтуынша, наурыз айынан бастап Түркиядан екі мыңға жуық қазақстандық баспана сатып алған. Үй сатып алушылар ол жақтағы баспана бағасының арзандығын алға тартады.