Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Ақтөбеде полицей үш мың теңге үшін жұмысынан қуылды

3000 теңгені ер адам тікелей тәртіп сақшыларына емес, олардың бірінің туған әпкесіне аударған болып шықты.

Ақтөбеде полицей үш мың теңге үшін жұмысынан қуылды
фото: tengrinews.kz

Ақтөбе тұрғыны Instagram желісінде полиция қызметкерінің әпкесіне 3000 теңге аударғанын айтып, шағымданған. Бұл шағымнан соң тәртіп сақшысы жұмыстан босатылған деп хабарлайды Paryz.kz, "Диапазон" басылымына сілтеме жасап. 

Әлеуметтік желіде Ақтөбе тұрғынының шағымданған жазбасы пайда болды. Ол көлігін тәртіп сақшылары тоқтатып, үш мың теңге алғанын айтқан. Ақтөбе облыстық Полиция департаменті аталған жазбаға назар аударып, шағымда айтылған полицейді анықтаған. Сонымен қатар тексеріс барысында үш мың теңгені ер адам тікелей тәртіп сақшыларына емес, олардың бірінің туған әпкесіне аударған болып шықты.

Полицейдің үстінен "Пара алу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Одан бөлек, ол құқық қорғау органдарының беделіне нұқсан келтіретін әрекеті үшін жұмыстан босатылған. Кейін пара алу бойынша қылмыстық іс тоқтатылған. Дегенмен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеушісі полицейді тәртіптік жауапкершілікке тарту керектігін айтқан. 

Ал полицей сотқа жүгініп, қызметіне оралғысы келген. Айтуынша, қылмыстық істі тергеу аяқталғанша қызметкерді қызметінен босатуға болмайды. Бірақ сот оның шағымын қанағаттандырмай, тәртіп сақшысы заңды негізде жұмыстан босатылды деп шешкен.