"Осыны естігіңіз келді ме?": Сапарбаев зейнетке қашан кететіні жайлы айтты

"Егер де ол Мемлекет басшысы мен жергілікті халықтың тапсырмасын орындап жатса, ол жұмысын жалғастыру керек деп ойлаймын..."

"Осыны естігіңіз келді ме?": Сапарбаев зейнетке қашан кететіні жайлы айтты
фото: sputnik.kz

68 жастағы Бердібек Сапарбаев өз еңбек жолында осымен бесінші облысты басқарып отыр. Осы ретте журналистердің бірі қару-жарақтың жарылыс қаупі басым аймақты мемлекеттік қызметкер қанша жасқа дейін басқара алатындығын сұрады деп хабарлайды Paryz.kzAzattyq Rýhy-на сілтеме жасап. 

Кез келген адамды оның жұмысқа қаншалықты берілгеніне, денсаулығына байланысты бағалау керек. Егер де ол Мемлекет басшысы мен жергілікті халықтың тапсырмасын орындап жатса, ол жұмысын жалғастыру керек деп ойлаймын. Бірақ бұл мәселені Мемлекет басшысы шешеді. Президент мені Жамбыл облысына жіберді, тиісті тапсырманы берді, мен оны орындап жатырмын. Маған сұрақ қояр алдында нақты сауалды мысалмен келтіріңіздер. Мен сол кезде нақты жауап беретін боламын, - деді Сапарбаев.

Алайда журанлистің "Зейнет жасындағы әкімнің алдағы уақытта басқа да өңірді басқаруы мүмкін бе?" деген сауалы өңір басшысының ашуына тиген сыңайлы.

Ол менің мүмкіндігіме және Мемлекет басшысына байланысты. Осыны естігіңіз келді ме?, - деп жауап қатты Бердібек Сапарбаев.