Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Ішкі істер министрлігінің бұрынғы қызметкері жиен немересін зорлаған

Күдікті барынша ақталып шығуға тырысқан.

Ішкі істер министрлігінің бұрынғы қызметкері жиен немересін зорлаған
фото: ашық дереккөз

Түркістан облысында 72 жастағы Ішкі істер министрлігінің бұрынғы қызметкері өз немересін зорлаған. Мұндай ақпаратпен Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотының судьясы Дәурен Мадалиев бөлісті деп хабарлайды Paryz.kzBaigenews.kz-ке сілтеме жасап. 

Өмір бойы құқық қорғау органдарында, тергеу изоляторының қызметкері болып жұмыс істеп, сол жерден зейнетке шыққан 72 жастағы қария жұбайымен, қызымен және немересімен тұратыны белгілі болған. Қызы күйеуімен ажырасып, ата-анасының қолына алты жасар баласымен бірге келген.

Қайғылы оқиға болған күні қария үйге мас күйінде барған. Ер адам жұбайының көрші бөлмеде ұйықтап жатқанын және қызының үйде болмағанын пайдаланып, теледидар қарап отырған немересін зорлаған.

Күдікті барынша ақталып шығуға тырысқан. Оның айтуынша, олардың отбасында тұрғын үй мәселесі бойынша біраз кикілжің бар және қызы оның үйін тартып алу мақсатында оған кінә артқан.

Прокурор Қазақстан заңнамасы бойынша үй біреудің атында болса, иесі түрмеге түссе де, үй оның өзінде қалатынын, үйді иеліктен шығаруға ешкімнің құқығы жоқ екенін айтты, - деп түсіндірді Мадалиев.

Істі алқабилер соты қараған. Күдіктінің бұрынғы әріптестері келіп, оған "оң" мінездеме берген.

Дегенменде, қарияның кінәсі дәлелденген.

Баланың сотта тұрақты айғақтары болды – психологтан жауап алынды. Медициналық қорытынды айыпталушының кінәсін дәлелдеді, - деді судья.

Тергеу кезінде баланың теледидар көріп отырған кезінде атасы келіп, оны зорлағаны белгілі болды. Әдетте анасын "анашым, не әкелдіңіз?" деп жүгіріп шығып, жұмыстан күтіп алатын баласы бұл күні көңілсіз отырған. Зардап шегуші баланың анасы одан не болғанын сұрай бастағанда бала жылап, артынша бәрін айтып берген. Әйел дәрігер болып істейтін жақынымен ақылдаса келе, баланы ақылы тексеруден өткізген. Медициналық сараптама баланың артқы жағы зақымдалғанын анықтаған.

Іс ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы бойынша тергелген.