Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

ДДСҰ басшысымен Дәулет Тұрлыханов та құда екен

"...Бұл шынайы махаббат. Бұдан сенсация іздеудің қажеті жоқ".

ДДСҰ басшысымен Дәулет Тұрлыханов та құда екен
фото: дереккөз

Бүгін танымал ақын, айтыс жүргізушісі Жүрсін Ерманның ДДСҰ басшысы Тедрос Адан Гебрейесуспен құда екені анықталды. Белгілі болғандай, халықаралық ұйымның басшысымен КСРО-ның сегіз дүркін чемпионы Дәулет Тұрлыхановтың да туыстық байланысы бар болып шықты, деп хабарлайды Paryz.kzЭкспресс К сайтына сілтеме жасап.

Танымал ақынның жиенінің әкесі Дәулет Тұрлыханов екені анықталды. 

Жүрсін Ерманның Ардақ деген кіші қызы грек-рим күресінен Сеул Олимпиадасының күміс жүлдегері Дәулет Тұрлыхановпен отау құрған. Олардың үлкен ұлы Ерасыл Болат дзюдо күресінен спорт шебері. Республикалық және халықаралық жарыстардың жеңімпазы. Қарындасы Айдана Швейцарияда академия, Испанияда магистратура бітірген. Төрт жылдан бері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының директоры Тедрос Аданом Гебрейестің баласымен отау құрған.

Бүгін ДДСҰ директорының әлеуметтік желіде құдасы Жүрсін Ерманды 70 жылдық мерейтойымен құттықтаған видеосы жарияланған. Ол әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Осыған байланысты Айдананың ағасы Ерасыл пікір білдірді.

Біздің халық сынықтан сылтау іздеп отырады. Қуанышқа ортақтасуды білмейді. Менің туған қарындасым Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысына келін болып отыр. Бұл шынайы махаббат. Бұдан сенсация іздеудің қажеті жоқ, — дейді Ерасыл Болат.