Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

"ҚТЖ - Жүк тасымалы" филиалының басшысы пара алды деген күдікке ілінді

Қазіргі кезде тергеу шаралары жалғасып жатыр.

"ҚТЖ - Жүк тасымалы" филиалының басшысы пара алды деген күдікке ілінді
фото: ашық дереккөз

Жамбыл облысында "ҚТЖ - Жүк тасымалы" филиалының басшысы пара алды деген күдікке ілінді деп хабарлайды Paryz.kz

Ресми мәліметке сәйкес, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменттері бірлескен операция өткізген. Сол кезде 800 мың теңге көлемінде пара алған "Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі" ЖШС "ҚТЖ - Жүк тасымалы" филиалының бастығы ұсталды.

Аталған лауазымды тұлға қабылданған жылдық есептер бойынша оң шешім шығарғаны, сондай-ақ ары қарай қамқорлық жасаймын деп ақша алған, - делінген ресми хабарламада.

Қазіргі кезде тергеу шаралары жалғасып жатыр. Осыған байланысты өзге ақпарат жариялауға жатпайды.