Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Ақмола облысында 12 мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеген

Соңғы рет 16 қазанда 31 жастағы әйел қолға түсіпті.

Ақмола облысында 12 мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеген
Фото: ernur.kz

Ақмола облысында жалған дипломмен екі жылдан бері жұмыс істеген педагогтар ұсталды. Аймақта жыл басынан бері 12 ұстаздың осындай әрекеті әшкереленген. Құжатты заңсыз жолмен жасатқан "мұғалімдердің" математика, қазақ тілі және басқа да пәндерден сабақ бергені анықталды, деп хабарлады paryz.kz, Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Соңғы рет 16 қазанда 31 жастағы әйел қолға түсіпті. Полиция қызметкерлері оның ауылдағы жалпы білім беретін орта мектепке жұмысқа орналасу үшін аудандық білім бөліміне жоғарғы оқу орнын тәмамдағаны туралы жалған құжат ұсынғанын дәлелдеді.

"Жалған құжат ұсынған азаматқа қатысты еліміздің Қылмыстық кодексінің 385-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол құжаттардың қолдан жасалғанын мойындады. Ал он мұғалімге қатысты тергеу аяқталды. Енді оларға қатысты шешімді сот шығарады. Ал екі адамға қатысты тергеу әлі жалғасуда", - деді облыстық Полиция департаментінің баспасөз жетекшісі Гүлнәр Пинчук.