Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Бұрынғы Қорғаныс министрі жаңа қызметке тағайындалды

26 тамызда Жамбылдағы Байзақ ауданында әскери қоймада жарылыс болып, 17 адам қаза болып, 100 шақты адам зардап шеккен.

Бұрынғы Қорғаныс министрі жаңа қызметке тағайындалды
фото: informburo.kz

Бүгін Алматыда кезектен тыс конференция өтіп, Қорғаныс экс-министрі Нұрлан Ермекбаев төралқа шешімімен қайта Бүкілқазақстандық қоян-қолтық ұрыс қауымдастығының төрағасы болып тағайындалды деп хабарлайды Paryz.kz.

Айта кетсек, бұрынғы Қорғаныс министрі бұл қызметте 2018 жылдан бері отыр.

Биыл команда Мәскеуде өткен қоян-қолтық ұрыстан әлем Кубогында 4 алтын, 2 күміс және 6 қола медальды еншілеген. Ендігі чемпионат 2023 жылы өтеді және Қазақстан оған жолдама алған.

Еске салсақ, Нұрлан Ермекбаев тамызда болған Жамбылдағы жарылыстан кейін өз еркімен жұмыстан кетуге ниет білдірген. Президент оның отставкаға кету туралы өтінішін қабылдаған.

26 тамызда Жамбылдағы Байзақ ауданында әскери қоймада жарылыс болып, 17 адам қаза болып, 100 шақты адам зардап шеккен.