Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Жолдасбеков жұртқа нақыл айтамын деп, ханға ақыл айтқан Бұқарды "қайыршы" етіп қойды

"Осылай, ақсақал болғанда абыройсыз қалған жаман-ау!" деп жазды Қайнар Олжай.

Жолдасбеков жұртқа нақыл айтамын деп, ханға ақыл айтқан Бұқарды "қайыршы" етіп қойды
фото: dalanews.kz

Бақыт Шабданов атты желі белсендісі Facebook-тегі парақшасында қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы Мырзатай Жолдасбековті сөзбен "сойып салды", деп жазды paryz.kz.

Шабдановтың шамдануына ғалымның Бұқар жырауға қатысты сәтсіз айтылған нақыл сөзі дәлел болды. "Ханға ақыл айтамын деп, Бұқар жырау қартайғанда қайыршының күнін кешіпті. Ақылың болса, ханға ақыл айтпа!" - деп салған ғой, жоғары жаққа жағынудың жөнін білмеген Жолдасбеков.

"Мырзатай, Абылай хан Бұқар жыраудың малын тартып алып па?! "Қайыршының күйін кешті", - деп қазақтың ұлы жырауының әруағын қорлап отырсың! Бұқар жыраудың қайыр тілегеніне дәлелің бар ма?! Мүмкін қартайған кезінде жоқ-жұқана өмір сүрген шығар. Атамыз сендер сияқты берген жуындысына тойып алып, иесін мақтай беретін ит болғанда, бай-бақуат өмір сүруге мүмкіндігі бар еді ғой. Атамыз сендер сияқты қарақан басының емес, халықтың қамын ойлаған адам.

Бұқар жыраудың тырнағына да арзымайсың ғой. Бұқар жырау қазақтың тарихына алтын әріппен жазылды. Халық сен сияқтыларды өмірем қапқандарыңнан кейін біраз жылдар бойы иттіктеріңді еске алып, айтып, жазып жүретін болады. Үрім-бұтақтарың сендер үшін ұялып жүреді. Ақырын-ақырын тарих сахнасынан жоғаласыңдар! Сосын, қазір хан жоқ!" - деді әбден ызаға булыққан желі белсендісі.

Бұл жазбаны белгілі журналист Қайнар олжай өз парақшасында бөлісті. "Осылай, ақсақал болғанда абыройсыз қалған жаман-ау!" деп жазды ол. Ал жазбаға пікір қалдырған айтыскер ақын Бауыржан Халиолла: "Осы "данышпан" биыл Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылып, алдына қара салмай, "оза шауып" келе жатыр ғой..." - деді. Келесі пікір иесі Сұлтан Ыбырай да "Жарықтық, Асқар Тоқпановтың өзін Бұқар сезініп тұрған біреуге "Сен Бұқар емес, бухариксің" дегені еске түсті", - деп мағыналы мысал келтіріпті. Қаламгерлердің бірі Ербол Бейілхан болса, "Бұл кісілерді ақсақал деуге келмес. Екіжүзді, жағымпаз шалдар, өз қамдарын ғана ойлаған", - деп реніш білдіріп отыр.

Жалпы, нақыл шығарып, ақыл айтамын деп "нокаут" алған Жолдасбековті жұрт жақсы бағалап отырған жоқ. "Ит терісін басына қаптап" тастады.

Енді салыстырмалы түрде алғанда, Бұқар қиын-қыстау кезеңде дұрыс бағыт-бағдар көрсетіп, ақыл-кеңес беріп отырған жырау болғандықтан, Абылай хан оны ерекше құрметтеген ғой. Халқы да ханнан кем көрмеген. Бертіндегі "Ленин аталарға" ұқсатып, тарих та танымнан сылып тастаған жоқ. Ал Жолдасбеков ше? Қазақ қоғамы қазірдің өзінде "осырған сиырдай" етіп отырған бұл бейбақтардың келешек ұрпақ алдында қадірі қалар ма екен?..