Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"Үй тұрмақ тас та жоқ": Журналист зейнетақыға қатысты ажиотаж басталғанын айтты

"Неліктен шектеулі сомма күрт көбейді десеңіз, сарапшылар үй қолжетімді болып кетті дейді..."

"Үй тұрмақ тас та жоқ": Журналист зейнетақыға қатысты ажиотаж басталғанын айтты
фото: aikyn.kz

Зейнетақыға қатысты ажиотаж басталды. ЕНПФ сайты таң атпай істен шықты. Шекті соммаға әне-міне жетеміз-ау деп дәмеленген көп үміт сөнді, енді үй тұрмақ тас та жоқ. Бұл туралы белгілі тележурналист Гүлмира Әбіқай өзінің facebook-парақшасында жазды деп хабарлайды Paryz.kz

Бұрын 40 жасар азамат Үкіметтен баспана алу үшін зейнетақы қорында кемінде 2,7 млн теңге жиылуы қажет болса, енді бұл сомма 6 млн-ға бір-ақ көтерілді.

Неліктен шектеулі сомма күрт көбейді десеңіз, сарапшылар үй қолжетімді болып кетті дейді.

Ал Сіз зейнетақы қорына жиылған шектеулі соммаға не алып үлгердіңіз?

Үлгердіңіз бе? - деп жазды ол.