Яғни, күніне бір балаға 560-865 теңге шығады. Анасына ештеңе төленбейді.
Түрмедегі бір адамға ай сайын 88 мың теңге жұмсалады деп хабарлайды Paryz.kz, inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Ішкі істер министрлігі берген ақпаратқа сенсек, бүгінде темір тордың ар жағында жазасын өтеп жатқан 34 мың адам бар. Жыл сайын олардың әр қайсысына шамамен 600 мың теңге кетеді. Бұл - абақтыда отырғандарға қатысты ақша.
Осы ретте мына бір парадоксты ерекшелеп өтуге болар. Елімізде бала күтімі бойынша жұмыс істемейтін әйелдерге ай сайын тұңғышы үшін 16 мың 802 теңге, екінші балаға 19 мың 865 теңге, үшінші балаға 22 мың 898 теңге, төртінші және одан кейінгі балаларға 25 мың 961 теңге беріледі. Яғни, күніне бір балаға 560-865 теңге шығады. Анасына ештеңе төленбейді. Ал сотталған бір адамның тамағына күніне 1 мың 018 теңге жұмсалады. Екеуара айырмашылық - жер мен көктей.