Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Тайландқа демалуға барған қазақстандық әйел елден көмек сұрайды

Сондай-ақ Тайланд мемлекетінің заңы бойынша COVID-19 -ға күдіктілер 10 күн оқшаулануы керек. 

Тайландқа демалуға барған қазақстандық әйел елден көмек сұрайды

Тайландқа демалуға барған отандасымыздан коронавирус анықталған. Науқастың қасында кәмелетке толмаған 2 баласы бар. Балалардан ПТР сынамасы теріс нәтиже көрсетіпті. Соған қарамастан, барлығын қонақ үйдің бір бөлмесіне карантинге жапқан деп хабарлайды Paryz.kz, "Астана" телеарнасына сілтеме жасап. 

Алматылық Марина Грушина карантин кезіндегі шығынды өз қалтасынан төлеуге қарсы. Оның айтуынша, тур сатып алғанда үш адамға сақтандыруды да қоса алған. Десе де, елдің жауаптылары, науқаспен байланыста болған балалардың шығынын сақтандырудан алынбайтынын хабарлапты.

Сондай-ақ Тайланд мемлекетінің заңы бойынша COVID-19 -ға күдіктілер 10 күн оқшаулануы керек. 

Бүгін біздің мұнда жатқанымызға үшінші күн болды. Шығынның қанша болатынын білмеймін. Бұрын осы қонақ үйде болған адамдар 8 күнге 70 000 бат төлегенін айтты. Ол теңгеге шаққанда 1 миллионнан асады. Осы жағдайға байланысты консулдыққа хабарластық. Олар бақылауды ұстаймыз деді. Бүгін ПТР сынамасын тапсырдық. Ол ақылы - 150 000 теңгенің шамасында, – дейді Марина. 

Туристің сақтандыру қорына не кіреді? Індет анықталған науқасқа қандай көмек көрсетілетінін білу үшін тур ұйымдастыру компанияларына хабарласқан едік.

Айтуынша, саяхатқа шыққан азамат міндетті сақтандырудан бөлек, ерікті сақтандыруды да қолданса болады. Турмен бірге сатылатын сақтандыруда коронавирус пакеті де қарастырылған. Оны тек COVID-19-ды жұқтырғандар ғана пайдалана алады.

Науқаспен байланыста болған туыстары мұндай жағдайда ақыны өздері төлеу керек болады. Ол жерде мұндай қосымша қарастырылмаған. Не болмаса ерікті сақтандыруды сатып алғанда қасындағы адамдарға да қосымша сатып алу керек. Ал науқастар сол елдің емдеу хаттамасымен тегін емделе алады, – тур ұйымдастыру мекемесінің директоры Шухрат Насыров. 

Енді елдегі эпидемиологиялық ахуалға тоқталсақ. Қазір жағдай тұрақты. Сырқаттану көрсеткіші бәсеңдеп келеді. Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, Қазақстанда "омикрон" штаммы анықталған жоқ.