03.12.2021, 10:49

Tik Tok-тан Қайрат Нұртастың "егізі" табылды (ВИДЕО)

фото: дереккөз

Ал жас жігіттің өзі ешқандай ақпарат қалдырмаған.

Tik Tok әлеуметтік желісінен Қайрат Нұртастан аумайтын жігіт табылды. Turandos есімімен тіркелген азаматты көпшілік хитменнің "егізіне" ұқсатты деп жазады Stan.kz

Қайратқа ұқсайтын жігіттің 620 ғана оқырманы бар. Есесіне желіде жариялаған небәрі 5 видеосына қалдырылған лүпілдер мен пікірлер саны толассыз. Оқырмандардың басым дені оның Қайратқа ұқсайтынын айтқан. 

"Әли-Экспресстен келген Қайрат Нұртас", "Қайрат деп ойлап қалдым", "Қайраттың ағасымын десеңіз, елдер сенеді", "Копия", "Алланың құдіретін-ай, қатты ұқсайды екен Қайрат Нұртасқа", "Қайраттың сыңары, копия ғой", "Бауырым, баласы емессің ба? Аумай қалыпсың", - деп таңданды оқырмандар. 

Ал жас жігіттің өзі ешқандай ақпарат қалдырмаған. Видеоларда Қайраттың әнін қосып, дайындықта жүргендей түр келтірген.