Сенбіде елордадағы сауда орталықтары жұмыс істемейді

Алдыңғы аптамен салыстырғанда, аурудың өсуі байқалады.

Сенбіде елордадағы сауда орталықтары жұмыс істемейді
Фото: tengrinews.kz

Демалыс күндері елордадағы сауда орталықтарының қайта ашылатын күні эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. Бұл туралы Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Жанна Пірәлиева айтты, деп хабарлады paryz.kz, қала әкімдігіне сілтеме жасап.

"Әзірге эпидемиологиялық жағдай келесі демалыс күндері сауда орталықтарын ашуға мүмкіндік бермейді. Қазір бізде жеңілдік жасауға мүмкіндік жоқ. COVID-19 жағдайларын тіркеу жалғасуда. Мәселен, кеше 29 жағдай балалар арасында да, ересектер арасында да тіркелді. Көбінесе олар симптомды түрімен ауырады.

Сондай-ақ, алдыңғы аптамен салыстырғанда, аурудың өсуі байқалады. Бүгін бесінші күн елорда "жасыл" аймақта тұр. Осы көрсеткіштер 14 күн бойы сақталғаннан кейін ғана жеңілдету туралы айтуға болады", - деп түсіндірді Пірәлиева.