Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

Ауыл шаруашылық саласында қандай жобалар қолға алынуда?

ҚР Президентінің Жарлығындағы тапсырмаларды орындау мақсатында ҚР Үкіметі мақұлдаған Ұлттық жобалар толығымен бес бағытты қамтып отыр.

Ауыл шаруашылық саласында қандай жобалар қолға алынуда?
Дереккөз: inform.kz

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығында экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған мемлекет дамуының ұзақ мерзімді ұлттық жобалары іске қосылады. Ұлттық жобалардың қазақстандықтардың өмір сапасына қалай әсер етуі туралы толығырақ әңгімелейтін боламыз.

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, елімізде «Ұлттық жобалар тізбесін бекіту туралы» Жарлыққа қол қойды. Жарлық аясындағы Ұлттық жобалар тізіміне алдағы уақытта жүзеге асырылатын бірқатар кешенді жобалар енгізілді.  

Атап айтқанда, «Әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулықты сақтау», «Білімді ұлт», «Ұлттық рухани жаңғыру», «Цифрландыру, ғылым және инновация есебінен технологиялық серпіліс», «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері», «Жасыл Қазақстан», «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жоба» және т.б.

ҚР Президентінің Жарлығындағы тапсырмаларды орындау мақсатында ҚР Үкіметі мақұлдаған Ұлттық жобалар толығымен бес бағытты қамтып отыр. Осы орайда, Ұлттық жобаның ішіндегі ең маңызды ауылшаруашылық саласын алдағы 5 жылда дамытуға қомақты үлес қосатын «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобаға» тоқталып өтсек.

Ұлттық жобаны әзірлеу кезінде агроөнеркәсіптік кешенді дамытудағы жаһандық сын-қатерлер мен қазіргі әлемдік трендтер, сондай-ақ алдыңғы мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру қорытындылары ескерілген. Ұлттық жобаны әзірлеуге БҰҰ жанындағы FAO халықаралық азық-түлік ұйымының білікті сарапшылары, салалық одақтардың, қауымдастықтардың және ғылым ордасыныың өкілдері тартылған.

ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың тікелей тапсырмасы  бойынша Ұлттық жо­баның келесі негізгі мін­дет­тері айқындалған, соның ішінде мемлекет нарығын отандық өндірістің не­гізгі азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету, өңделген өнім үлесін 70%-ға дейін жеткізу және агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспортын 2 есеге ұлғайту, ауыл шаруа­шылығындағы еңбек өнімділігін 2,5 есе арттыру, 7 ірі эко­жүйе қа­лып­тас­тыру және инвес­ти­ция­лық жобаларды іске асыру есебінен 1 млн. ауыл тұрғынының табысын тұрақты арттыру болып отыр.

Сонымен бірге, Ұлттық жобаның басым бағыттарының бірі ретінде өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісі мен экспортын дамыту көзделген. Ол үшін қазіргі заманғы кәсіпорындар салу және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғыртуды көздейтін шаралар кешені де әзірленген.

Бүгінгі күні инвес­тициялық жобалар пулындағы 194 жоба – өңдеу өндірісінің қосымша өсуін және тиісінше қосымша экспорт көлемін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жаңа жобалар болып табылатынын атап өткен жөн.

«Бұл агроөнеркәсіптік кешен экспортының жалпы көлеміндегі өңделген өнім үлесін 70 пайызға дейін жеткізе отырып, агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспортын 2 есеге арттыру бойынша алға қойылған мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік береді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша  ет, жемістер, көкөністер, қант, дәнді, майлы дақылдар, сүт өнімдерін өндіру мен қайта өңдеуді қоса есептегенде, ірі инвестициялық жобалардың айналасында 7 экожүйені қалыптастыру ұлттық жобаның басымдығы болады. Бұл қосылған құны жоғары түп­кі­лікті қазақстандық өнім жасау­ға қатыса алатын кемінде 350 мың фермерлік және үй шаруашылықтарын іске тартуға мүмкіндік береді», - дейді жауапты ведомство өкілдері.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ақпараты бойынша жалпы               5 жыл ішінде 4,1 трлн. теңгеге 582 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Ұлттық жобаны іске асыру нәтижесінде 5 жыл ішінде еңбек өнімділігін 2,5 есеге арттыру, 500 мың адамды жұмыспен қамтамасыз ету және сол арқылы 1 млн. ауыл тұрғындарының табысын ұлғайту жоспарланған.

Бұдан бөлек, еңбек өнімділігін 2,5 есеге арттыруға қол жеткізу үшін жоғары сапалы тұқымдарды, минералды тыңайтқыштарды, заманауи техника мен технологияны, суармалы егіншілікті және т.б. қолдану қажет. Сондай-ақ тұқым шаруашылығын мем­ле­­кеттік қолдау шараларын іске асыру, тұқымдарды қада­ға­лау жүйелерін құру, тұқым өсіру
ша­руа­шы­лықтарын қазір­гі за­манғы техни­камен және тиісті жаб­дықтармен есебінен дамыту жос­парланып отыр.

Минералды тыңайт­қыш­тарды қолдану деңгейін артты­ру мақ­сатында өнеркәсіптік өн­ді­­рістің органикалық тыңайт­қыш­тарын субсидиялау және агрохимиялық қыз­меттің рес­публикалық ғылы­ми-әдістемелік орталығының қыз­меті мен ма­териалдық-тех­ни­калық базасын жетілдіру көзделген.

Осы шаралардың қабылдануы жоғары сапалы тұқымдарды пайдалану үлесін қажеттіліктің 93%-ынан 98%-ына дейін, минералды тыңайтқыштарды қолдану деңгейін 20%-дан 29%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.                    Нәти­же­сінде, дәнді дақылдардың өнімділігі 10-15%-ға артады.

Техникалық жарақтандыру деңгейін арттыру мақсатында инвестициялық субсидиялау жалғасады, ауыл шаруашылығы тех­никасы лизингінің бағдар­ла­малары кеңейтіледі. Нәтижесінде, ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту деңгейі 4%-дан 6%-ға дейін артады.

Су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізу, су беруді субси­диялау тетігін жетілдіру жө­нін­де шаралар қабылданады, Қазақ­станда демонстрациялық фермалар желісін құру және қуаты жылына 1 мың қондырғыға дейінгі қазіргі заманғы суару жүйелерін шығаратын зауыт салу жобасы іске асырылады. Бұл су үнемдеу технологиялары қолданылатын алаңдарды 450 мың гектарға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Импортқа тәуелділікті төмен­дету және мал шаруашылығы өнімі­нің экспортын арттыру мақсатында қарқынды мал шаруашылығына көшу жалғастырылады. Бұл үшін фермерлік шаруашылықтарға мал сатып алуға кредит беру көле­мін ұлғайту, азық өндірісін ынта­лан­дыру, шалғайдағы мал шаруа­шылығын және жайылымдардың инфрақұрылымын дамыту, сон­дай-ақ селекцияның қазіргі за­ман­ғы әдістерін, оның ішінде жа­санды ұрықтандыру мен эмбрион­дарды телуді енгізуді ынта­ландыру жоспарлануда. Бұл өң­деуші кәсіпорындардың жүкте­ме қуаттылықтарын 100% қамта­масыз етуге, сондай-ақ мал мен құстың өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Облыстық деңгейде білік­ті­лікті дамыту орталықтары және аудандық деңгейде ауыл­дық ақпараттық-консульта­ция­лық орталықтарды жаңғырту есебінен, сондай-ақ фермерлердің біліктілігін қашықтан артты­ру­дың қазіргі заманғы нысандарын енгізу арқылы агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне білім тарату жүйесі жетілдіріледі.

«Аграрлық ғылымды қаржыландырудың жет­кіліктілігін қамтамасыз ету жұмысы жалғастырылады, сала­лық гранттық қаржыландыру енгі­зіледі, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешенге жан-жақты талдау жүргізу, перспективаларын бағалау, да­муын болжау үшін министрліктің ахуалдық-талдамалық орталығын құрып, жұмыс істету жоспарлануда.

Коронавирус пандемиясы ішкі нарықты қамтамасыз ету басты міндет екенін көрсетіп берді. Сондықтан басым экспорттық сая­сат­пен қатар, импортты алмас­тыру мәселелері де кешенді түрде шешіледі.

Бүгінгі таңда осы бағыт­тар­дың әрқайсысы бойынша нақты инвестициялық жобалар айқын­далып, іске асырылуда. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін бірқатар мемлекеттік қолдау шарасы, оның ішінде жеңілдікті кредит беру, субсидиялау, жер ресурстарымен, инфрақұрылыммен, ішкі нарықты қорғау шараларымен қамтамасыз ету іске асырылады. Нәтижесінде, 2024 жылға қарай қантты қоспағанда, осы өнім түр­лері бойынша қамтамасыз етілу 100%, ал қант бойынша 80%-ды құ­райды.

Қорытындылайтын болсақ, аталған құжат ауыл халқының табысын арттыру, ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін екі еседен астам ұлғайту, ішкі нарықты отандық өндірістің азық-түлік тауарларымен толық қамтамасыз ету Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобаның негізгі міндеттері болып табылатыны сөзсіз.