Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Президентке деген сенімділік пен отбасылық құндылықтар: Қазақстан жастары туралы зерттеу нәтижелері белгілі болды

Мәселен, бүгінгі жастар кімге көбірек сенеді деп қойылған сұраққа,   жастардың 88%-ы отбасы мүшелеріне сенетіндерін көрсеткен.

Президентке деген сенімділік пен отбасылық құндылықтар: Қазақстан жастары туралы зерттеу нәтижелері белгілі болды
Дереккөз: inform.kz

Қай заманда болса да, ел болашағы – жастар мен олардың әлеуметтік жағдайы қашан да өзекті болып қала беретіні анық. Сол себепті, бүгінгі метариалдың тақырыбын Қазақстан жастары қандай трендтерге ден қояды және олардың бүгінгі құндылықтары мен неге ұмтылатыны жайлы тақырыпқа арнауды жөн көрдік. 

Ф.Эберт қоры  және ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы жасаған зерттеуге сәйкес, статистика бойынша елімізде 14 жастан 25 жасқа дейінгі азаматтар елдің барлық халқының 22%-ын құрайды екен. Сарапшылардың пікірінше, олар үшін,  елдің жас азаматтарының жасы, білімі, мәдениеті бойынша артықшылықтары, жастардың қазіргі таңда қандай құндылықтармен өмір сүріп жатқаны, олардың қоғамдағы қандай да бір көріністерге қалай қарайтыны, олардың қаншалықты толерантты екені, биліктің қандай институттарына сенетіні өте қызық болған.

Осы орайда, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы өкілінің мәліметі бойынша, жастарға қатысты жүргізілетін зерттеу нәтижелері отбасылық құндылықтардың қайта жанданып жатқанын, дарашылдық заманауи трендтер орнатылғанын көрсетуде.

Мәселен, бүгінгі жастар кімге көбірек сенеді деп қойылған сұраққа,   жастардың 88%-ы отбасы мүшелеріне сенетіндерін көрсеткен. Яғни, дәстүрлік, мәдениет, отбасылық дәстүрлер жастар үшін маңызды көрінеді.

Осы орайда, мемлекет қазір отбасы институтын бұрынғыдан да нығайтып, отбасылық құндылықтардың дамуы үшін барынша қолайлы жағдай жасап жатқандығын атап өткен абзал.

Бұл ретте, қазіргі заманғы жаһандану тенденциясы, соның ішінде ашық қоғам, әлеуметтік желілер, ақпараттық агенттіктер арқылы ақпарат массивін тұтыну жастар арасында үлкен сұранысқа ие заманауи трендтерді қалыптастыра білді.

Мамандар әлемдік пандемия жағдайы шынайы ақпаратты жалған ақпараттан ажыратудың қаншалықты маңызды екенін көрсеткенін алға тартады. Сондықтан, олар жастарға ақпарат ағыны арасынан шынайы ақпаратты зерттеу және оны табу қажет екенін айтады.

Сонымен қатар, бүгінгі өскелең жастардың толерантты екендігі қуантады, себебі олардың билікке, соның ішінде Президентке деген сенімі -  жоғары пайыздық көрсеткіштерді көрсеткен. Ал, жастардың үштен бір бөлігі ғана саяси өмірге қатысқысы келмейтіні, бірақ қалған бөлігі сайлауға қатысуға қызығушылық танытқандығы және бұл қоғамның, мемлекеттің дамуына мүдделілік бар екендігі қуантады.

Сондай-ақ, жастардың білім беру институттарына деген сенімділік деңгейі де көз қуантарлық көрсеткіштерді айғақтаған. Себебі, еліміздегі барлық институттар жастарды жұмысқа орналастыруға барынша тырысады, олар тіпті ЖОО үздік бітірген түлектерге қатысты тиісті ұсынымдар береді.

Сонымен бірге, сарапшылар зерттеулерде  жастар арасындағы өзіндік бәсекелестіктің бар екендігін анықтаған. Бәсекелестік туралы айтқанда, олар өзі мен отбасын асырау үшін жоғары жалақы табу мақсатында мемлекеттегі холдингтер мен ұлттық компанияларда, ірі корпорацияларда жұмыс істеуге қатты қызығушылық танытқандығы белгілі болды. Осы ретте, жастар көптеген шет тілдерін білу, шетелде оқуға қызығушылық танытқан.

Бұдан бөлек, зерттеу нәтижелерінде жастар арасында жеке тұлғалық қасиеттер де басым болған. Сонымен бірге олардың арасында командалық және ұжымдық жұмысты алға сүйрейтін жеке тұлғалық қасиетке ие дарынды азаматтар да көп болған. Дегенмен, жастардың жеке тұлғалық қасиетін бір ғана зерттеумен анықтау қиын екенін ұмытпау керек.

Сондықтан, жастарды әр түрлі қырынан зерттейтін топтардың болуы өте маңызды. «Билік институттарының осы зерттеулер туралы білуі және жұмыста осы деректерді қолдана білуі де өте маңызды», - дейді мамандар. Олардың айтуынша, зерттеу кейстері алдағы уақытта оқу мақсатында пайдаланылатын болады. «Біз алынған әрбір нәтижені белгілі бір фокус-топтар бойынша талдаймыз. Бұл ойлануға арналған тағы бір көмекші құрал. Алынған нәтижелер терең талқылауға және қызықты сұрақтарға жауап табуға толық мүмкіндік береді. Біздің Эберт қорымен ынтымақтастығымыз нәтижелі деп санаймыз. Біз одан әрі өзара іс-қимыл жасауға дайынбыз. Біз олардың мемлекеттік басқару академиясының әлеуетіне қызығушылығын көріп отырмыз», - деп сөзін қорытындылады мамандар.