Естеріңізде болса, жастарды дамыту индексі дегеніміз – бұл жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бөлігіндегі жұмысы тиімділігінің кешенді көрсеткіші болып табылады.
Қазақстандық сарапшылар жастардың даму индексін жетілдіру бойынша бірқатар ұсынымдарды әзірледі. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі, Ұлттық статистика бюросының өкілдері, Мәжілісмендер мен қалалық мәслихат депутаттары, сондай-ақ, жастарды дамыту саласындағы сарапшылар мен жастар ұйымдарының өкілдері мен белсенділер қатысуымен өткен басқосуда, еліміздегі жастарды одан ары дамыту мәселелері талқыланды.
Естеріңізде болса, жастарды дамыту индексі дегеніміз – бұл жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бөлігіндегі жұмысы тиімділігінің кешенді көрсеткіші болып табылады. Аталған үрдіс олардың жұмысының тиімділігіне қатысты рейтингтік бағалауды жүзеге асыруға мүмкіндік бермек.
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті жариялаған мәліметке сәйкес, экономиканың, білім берудің, еңбек нарығының жаһандануы жағдайында жастардың даму индексі, сондай-ақ Халықаралық және ұлттық деңгейлерде жастар арасындағы үрдістерді талдау ұзақ мерзімді жастар стратегиясының іргетасын жасауға мүмкіндік бермек.
Бүгінгі күні жастарды дамыту индексі іске асырылатын мемлекеттік жастар саясатын және жастардың даму деңгейін талдау үшін 7 негізгі бағыт бойынша жиынтық индексі бар: білім беру, денсаулық, жұмыспен қамту және мүмкіндіктер, саяси қатысу, азаматтық қатысу, бос уақыт және қауіпсіздік салалары. Бұл индекстер жаһандық даму индексі нұсқасының ұлттық ерекшелігіне бейімделуі тиіс екенін атап өткен абзал.
Осылайша сарапшылар жастардың даму индексін есептеу әдістемесін әзірлеу және жастар саясаты жөніндегі заңнамаға «жастар әлеуметтік қызметі» тұжырымдамасын енгізу бойынша бірқатар ұсыныстарды әзірлеуде. Жастар саясатын іске асыру бөлігі жөнінде ҚР Білім және ғылым министрлігі институционалдық дамуды қолдау жастар корпусын дамыту жобасының екінші компонентін іске асыратын «жастар қызметкерлерінің қауымдастығы» іс-шарасын ұйымдастырушы түйіндемелерді, сондай-ақ айтылған идеяларды жинақтап, негізгі бағыттарды анықтады.
Негізгі ұсыныстар индексті ұлттық және өңірлік деңгейлерде жастар саясатының тиімділігін өлшеу құралы ретінде пайдалануға қатысты болды.
Индикаторлар жиынтығы тұрақты болуы міндетті емес, ол жастар өмірінің белгілі бір саласындағы ағымдағы тенденцияларға жауап бере отырып өзгертілуі мүмкін. Мысалы, қазіргі таңда елде бүкіл халықты орта біліммен қамтуға мүмкіндік беретін жүйе құрылған, соның салдарынан орта біліммен қамту индикаторы өзекті бола бермейді, оны алып тастау немесе білім берудің қандай да бір басқа аспектісін өлшейтін индикаторды әзірлеу қажет.
Индекс толық мәлімет алу үшін объективті деректерді (ресми статистика) және субъективті деректерді (жастар сауалнамасы) пайдалануды ұсынады. Сарапшылар жастардың прогресін өлшеуге мүмкіндік беретін индикаторлардың қатарына жастардың қауіпті мінез-құлқын, инклюзия мен экологиялық таза өмір салтының жаңа жаһандық құндылықтарын ұстануды, цифрлық технологияларды меңгеру деңгейін көрсететін көрсеткіштерді қосуды ұсынды.
Ал, танымал халықаралық сарапшы Людмила Близнюктің айтуынша, жастарды өлшеудің жаһандық құралдары, индекстің 35 индикаторы, жастардың прогресс индексі бар екен.
Айта кетейік, жыл басында Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев жетінші шақырылымдағы ҚР Парламентінің бірінші сессиясында Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында әлемдік тәжірибеге сәйкес жастардың даму индексін енгізуді ұсынғанын атап өткен жөн. Президенттің айтуынша, жергілікті органдардың жастар саясатын жүзеге асыру жұмыстары осы өлшем негізінде бағаланатын болады.
Қазіргі уақатта, ҚР Білім және ғылым министрлігі жастардың қоғам өміріне тартылуын ынталандыру және қоғамдастықтың, әсіресе жастардың әлеуметтік осал топтары арасында қоғамдық пайдалы қызметті оқыту бағдарламасын іске асыру мақсатында өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту бойынша Жастар корпусы жобасын іске асыруда.