Бүгінгі таңда Президенттік жастар кадр резервіне қабылданатын 50 үміткер осы күнге дейін қабілеттерді тестілеу, верификациялаудан өту, ситуациялық міндеттерді шешу секілді үш кезеңнен өткенін атап өту қажет.
Биылғы жылдың 1 қыркүйегінен бастап Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстанда екінші рет Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу жүзеге асырылуда. Бұған дейін, 2019 жылы елімізде тұңғыш рет Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу өткізіліп, оған 300 үміткер қабылданған болатын.
ҚР Президенті атап өткендей, «Бұл жоба елді өркендетуге бел буған, сол үшін бар күш-жігерін жұмсайтын азаматтарға арналған жоба. Басты міндет – талантты жастардың Қазақстанды жаңа белестерге көтеруіне мүмкіндік беру. Ең бастысы – туған еліңді шексіз қадірлеу және оған адал қызмет ету. Табанды еңбек етіп, нақты нәтижеге қол жеткізу керек. Бұл ұлтты жаңғырту үшін өте маңызды».
Бүгінгі таңда Президенттік жастар кадр резервіне қабылданатын 50 үміткер осы күнге дейін қабілеттерді тестілеу, верификациялаудан өту, ситуациялық міндеттерді шешу секілді үш кезеңнен өткенін атап өту қажет.
Үстіміздегі жылғы 25 қазан мен 15 қараша аралығында іріктеудің төртінші кезеңін құрайтын «құзыреттерді бағалау блогы», соның ішінде бірінші бөлім ассессмент-орталықтан өтуге 235 үміткер жіберіліп, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы базасында офлайн форматта жүзеге асырылды. Ассесмент-орталық рәсімінің ұзақтығы 6-дан 8 сағатқа дейін созылады.
Бұл төртінші кезеңде үміткерлердің стратегиялық ойлау, белсенділік таныту, қалыптасқан жағдай мен қызметті басқару, командалық көшбасшылық және сенімділік сияқты құзыреттерін анықтап, оны бағалауға тікелей бағытталды.
Атап айтқанда, бірінші бөлім ассесмент-орталық жеке және топтық тапсырмалар қамтылып, үміткерлердің мінез-құлқын тиісті сертификаттаудан өткен еліміздегі білікті сарапшылар қауымы бақылады. Осы кезеңдегі берілген тапсырмалар аясында үміткерлер белгілі бір уақыт ішінде арнайы буклеттегі ақпараттық материалдарды талдау бойынша еліміздің өңірлеріндегі ең өзекті деген күрделі мәселелерді шешуге бар күш-жігерін салды. Ассессмент-орталықтың қорытындысы шығарылып, оның нәтижелері бойынша екінші бөлім – құзыреттер жөніндегі сұхбатқа 132 үміткер өтті.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі өкілінің ақпаратына сәйкес, құзыреттер бойынша сұхбат – бұл құрылымдалған сұхбат түрі, мұнда сұраққа жауап берген кезде 132 үміткер өз тәжірибесінен мысалдар келтіруі міндетті болып табылады. Мұндай сұхбатта 132 үміткердің тек өзі туралы және өзінің тәжірибесі туралы айтуы, өзінің өткен өмірінен нақты мысалдарды сипаттауы және болжамды жауаптардан аулақ болуы аса маңызды.
Осы іріктеу кезеңінің ерекшеліктері, біріншіден, үміткердің кәсіби құзыреттілігінің деңгейін анықтау болып табылады. Екіншіден, сұхбат үміткердің нақты тәжірибесін бағалайды және үміткердің нақты жағдайларда қалай әрекет ететінін дәл болжауға мүмкіндік береді.
Кәсіби тәуелсіз сұхбат жүргізушілер командасы үміткердің құзыретінің даму деңгейін ғана емес, сондай-ақ үміткерлердің ынта-жігері мен құндылық бағдарларын бағалайтын болады, патриотизм және Қазақстан халқына қызмет ету сияқты құндылықтар басым болып саналатын үміткерлер іріктеледі. Сондай-ақ, әр үміткердің нәтижелері сертификатталған HR менеджерлерінің қатысуымен талқыланады.
Осы орайда, құзыреттер бойынша сұхбат биылғы жылғы 20-28 қараша аралығында кәсіби HR-менеджерлердің қатысуымен онлайн форматта өткізілді. Осы блок бойынша ең үздік нәтиже көрсеткен 100-ден аспайтын үміткер іріктеудің келесі бесінші кезеңі – Сарапшылық комиссиямен әңгімелесуге жіберілді.
Сарапшылық комиссияның отырысы үстіміздегі жылғы 3-10 желтоқсан аралығында өтеді. Сарапшылық комиссия отырысында әңгімелесу онлайн-офлайн форматта өткізіледі. Үміткерлер офлайн форматты қолданған жағдайда, бұл кезең ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің базасында өтуі жоспарлануда.
Сарапшылық комиссия отырысындағы әңгімелесуден ең үздік деп танылған 65 кандидаттан артық емес үміткер іріктеудің ең соңғы алтыншы кезеңі – Ұлттық комиссия отырысына жіберілетін болады. Бұл кезең биылғы жылғы 13-25 желтоқсан аралығында өтеді. Ұлттық комиссия отырысының қорытындысы бойынша Президенттік жастар кадр резервіне 50 үміткер қабылданатынын атап өткен жөн.
Жалпы, Қазақстанда екінші рет Президенттік жастар кадр резервіне үміткерлерді қабылдаудың негізгі мақсаты – қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді басшылыққа алатын жас таланттарды анықтау және оларды мемлекеттік қызметкер тарту болып табылады.
Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев биылғы жылы 4 қарашада Павлодар облысының Екібастұз қаласына жасаған жұмыс сапары барысында 2019 жылғы Президенттік жастар кадр резервінің өкілдерімен кездесті. Кездесуде резервке қатысудың басты міндеті үлкен басшы болу емес, сәйкесінше ел игілігі үшін аянбай тер төгіп, қажырлы қызмет ететін білікті жас мамандарды мемлекеттік қызметке тарту қажет екендігін атап өтті.
Осы орайда, биылғы жылғы Президенттік жастар кадр резервіне қабылданатын 50 үміткерді мемлекет алдында тұрған күрделі мәселелерді шешуге белсенді ат саласатын болады деп санаймыз.