Телеарналарда Назарбаевтың америкалық режиссерге берген сұхбаты көрсетіледі

Бұл туралы Елбасының кеңесшісі-баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter парақшасында хабарлады.

Телеарналарда Назарбаевтың америкалық режиссерге берген сұхбаты көрсетіледі
фото: elbasy.kz

Республикалық арналар Нұрсұлтан Назарбаевтың америкалық режиссер Оливер Стоунмен сұхбаты негізінде түсірілген көп сериялы фильмін көрсететін болды деп хабарлайды Paryz.kz.

Бұл туралы Елбасының кеңесшісі-баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter парақшасында хабарлады.

1 желтоқсанда республикалық телеарналарда Нұрсұлтан Назарбаевтың америкалық режиссер Оливер Стоунмен сұхбаты негізінде түсірілген 8 сериялы "QAZAQ: Алтын адам тарихы" фильмі көрсетіле бастайды, – деп жазды Айдос Үкібай.